ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Індетке шалдыққандар саны азайды

22:24, 8 маусым 2021

Павлодар облысы коронавирус таралуы бойынша «сары аймақта». Күннен-күнге індетке шалдыққандар саны азайып келеді. Өткен тәулікте 51 адам індет жұқтырғаны анықталды. Екпе салу науқаны да қарқынды жүргізіліп жатыр. Вакцина жетіспеушілігі жоқ дейді мамандар.

Бұдан былай коронавирус жұқтырған науқастар өзін өзі оқшаулау талабын бұзса, айыппұл арқалайды. Карантиндік тәртіпті сақтамаған адамға 88 мың теңгеге жуық әкімшілік айыппұл салынады.

Батырбек Әлиев, облыстың бас санитарлық дәрігері:

Санитарлық ереже 10 маусымнан бастап күшіне енеді. Оқшаулау режимін бұзғандар Ashyq ақпараттық платформасы арқылы анықталады. Егер азамат өзінің статусының "қызыл" екенін біле тұра қоршаған ортаға қауіп төндірсе, оған шамамен 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Бүгінде стационарда 575 адам ем қабылдап жатыр. Ауруханадағы төсек-орын жүктемесі 27%-ды құрайды. Жансақтау бөлімінде 26 науқас жатыр. Сегіз науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Ерғалы Асылбек, денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы м.а.:

Екпе жүргізу шараларына тоқталатын болсақ. Жалпы 1 ақпаннан бастап облысымызға 116 мың 635 вакцинаның бірінші компоненті, 74315 екінші компоненті келіп түскен болатын. Жалпы екпе 103 егу кабинетінде жасалынады. Одан басқа қала бойынша сауда үйлерде, орталықтарда егу пунктері ашылған. Сондай-ақ Павлодар қаласында жылжымалы медициналық кешендер жұмысқа тартылған.

Ал, халық вакцинаның екінші компонентін салдыра алмай дал. Айтуыларынша, егу кабинеттерінде жоқтың қасы. Бұл ақпарат қаншалықты шындыққа жанасады? Екпенің таусылып қалғаны рас па?

Айдар Сейітқазинов, денсаулық сақтау басқармасының басшысы:    

Кейбір медициналық мекемелерде екпенің жоқтығы анықталды. Бұндай жағдай расымен де орын алды. Сондықтан біз вакцинаны қайта бөлу жұмыстарын жүргіздік. Қазір әр бір мекемеде екінші компонент бар. Біздің тұрғындар 21 күннен кейін екінші компонентті салдыруға келіп, екпе болмай қалған жағдайда, күте тұруларыңызды сұраймыз.

Сондай-ақ, емханалардан бөлек ірі кәсіпорындарға шығатын 67 көшпелі егу бригадасы жұмыс істейді. Маусым айының ортасына дейін Павлодар облысына Спутник V вакцинасының шамамен 50 000 дозасы жеткізілмек.

 

Аяулым Рахымжанова       

Тақырып бойынша материалдар

Кардиологиялық орталықта 128 науқас ем қабылдап жатыр
18:55, 3 тамыз 2021
Кардиологиялық орталықта 128 науқас ем қабылдап жатыр
Толығырақ...
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 100 НАУҚАС ЖАНСАҚТАУ БӨЛІМІНДЕ ЖАТЫР
20:22, 2 тамыз 2021
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 100 НАУҚАС ЖАНСАҚТАУ БӨЛІМІНДЕ ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Серік Теміржанов олимпиадада  1/8 финалға шықты
15:41, 28 шілде 2021
Серік Теміржанов олимпиадада 1/8 финалға шықты
Толығырақ...