ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары күшейтілді Толығырақ

Індет жұқтырған науқастар азаймай тұр

10:27, 14 қазан 2021

«Қызыл» аймақтағы Павлодардың ауылдарында коронавирус өршіп тұр. Әсіресе балалар арасында індет өршіп барады. Қазір 151 бала дәрігерлер бақылауында. Стационарда жалпы 1158 науқас ем қабылдап жатыр. Жансақтау бөліміндегі 89 адамның жағдайы ауыр дейді дәрігерлер.

Соңғы аптада індет жұқтырғандар саны артқан. Апталық өсім 2 пайызды құрайды. Адамдар карантин талаптарын сақтамағанмен қоса, инфекцияның таралуына тағы бір себеп ЖРВИ маусымдық ауруларының таралуы.

Батырбек Әлиев, облыстың бас санитарлық дәрігері:

Облыстың ішінде тек Банауыл ауданы жасыл аймақта. Екібастұз, Тереңкөл, Ақтоғай, Аққулы аудандары - сары аймақта. Қалғандары қызыл аймақта. Өткен тәулікте 150 жағдай тіркелді. Оның ішінде 138 жағдай симптомды, 12 жағдай симптомсыз.

Павлодар облысында балалар арасында індет өршіп барады. Оқу жылы басталғалы бері 639 оқушы коронавирус жұқтырған. Қазір олар қашықтықтан біліп алып жатыр. Яғни, 167 сынып карантинге жабылды.

Батырбек Әлиев, облыстың бас санитарлық дәрігері:

Негізі олар Павлодар қаласында - 77 сынып, Екібастұз қаласында - 26 сынып жабылды. Ақсу қаласында бар. Шарбақты, Тереңкөл, Павлодар аудандарында 2-3-6 сыныптан жабылды. Мұғалімдердің арасында 113 жағдай тіркелді. Егер мектепте бір сыныпта бір оқушыдан КВИ анықталса, сынып екі аптаға карантинге жіберіледі. Мектеп жабылмайды.

Өңірде карантин талаптарын бұзғандарға 35 миллион теңге айыппұл салынды. Әсіресе, мейрамханалар мен сауда орындары және дүкен иелері ескертулерге немқұрайлы қараған.

Батырбек Әлиев, облыстың бас санитарлық дәрігері:

Жалпы 300-ден астам әкімшілік хаттама толтырылды. Барлығы 35 млн-нан астам айыппұл салынды. 4 объект сотқа жіберілді. Соттың шешімі бойынша сол объектілер жабылды.

Бүгінде облыста инфекциялық төсек-орынның жартысы бос емес. Стационарда 1158 пациент ем қабылдауда. Тәулігіне орта есеппен 2000- нан аса адам ПТР-талдау жасатып жатыр.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

«Спутник лайт» вакцинасын салу басталды
19:28, 21 қаңтар 2022
«Спутник лайт» вакцинасын салу басталды
Толығырақ...
Антирекорд: 865 адамнан коронавирус анықталды
19:26, 21 қаңтар 2022
Антирекорд: 865 адамнан коронавирус анықталды
Толығырақ...
Очередная волна COVID-19 накрывает Прииртышье
11:05, 21 қаңтар 2022
Очередная волна COVID-19 накрывает Прииртышье
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Медицина қызметкерлері Pfizer вакцинасын салдырды
20:09, 17 қаңтар 2022
Медицина қызметкерлері Pfizer вакцинасын салдырды
Толығырақ...