ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Геронтология кабинеті ашылды

23:13, 4 мамыр 2022

Екібастұз қаласының №2-ші ауруханасында геронтология кабинеті ашылды. Онда егде жастағы науқастарға толық диагностика жасалып, емдеу шаралары жүргізіледі. Көбінесе халық қандай сырқаттармен дәрігерге жүгінеді.

Біраз үзілістен кейін Екібастұзда геронтология кабинеті қайта ашылды. Емханада білікті мамандар егде жастағы науқастарды емдеумен айналысады.

Геронтология - егде жастағы адамдарың денсаулығын  зеррттейтін  ғылым.  Мұндай кабинеттердің басты артықшылығы егде жастағы адамдардың денсаулығын кешенді көпсалалы диагностика арқылы қарайды.

Нұрлығайып  Айтуарова, Екібастұз қаласының тұрғыны:

Бұл кабинет ашылғанына өте  қуаныштымыз.  Геронтолог дәрігеріне бару қажет. Бұрын кабинет поликлиникада орналасқан болатын. Ковид дертіне байланысты жабылып қалған еді. Енді міне қайта ашылып отыр.

Дәрігерлердің айтуынша күніне аталмыш кабинетке 20 ға жуық емделуші келеді. Айта кету керек, бұл әзірге Павлодар облысындағы алғашқы геронтология кабинеті.

 

Кристина Касперович

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар