ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Ерте диагностика маңызды

20:20, 19 мамыр 2022

Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінде 21 мамырда ашық есік күні өтеді. Облыста 12 мыңнан астам адам онкологиялық тіркеуде тұр, сондықтан аталмыш шаралар біздің аймақ тұрғындары үшін маңызды. Жолдамасыз, анықтамасыз кез келген азамат орталыққа келе алады.

Статистикалық мәліметтер бойынша қатерлі ісік бойынша облыста көрсеткіштер көңіл көншітпейді.  Сондықтан онкологиялық диспансерде скриниг, ашық есік күндеріне баса назар аударылады. Осы ретте 21 мамыр күні кезекті ашық есік күндері өтеді. 

Ернұр Неғманов, онкологиялық диспансердің онколог-дәрігері:

Қазақстан республикалық бұйрығы бойынша 21 мамырда облыста 3 қатерлі ісікке арналған күндері өтеді.

Облыстың кез келген тұрғыны ешқандай жолдама анықтамасыз келіп аринайы дәрігерлерге көріне алады. Осылайша қатерлі ісікті алдын алуға мүмкіндік бар. Дәрігерлер таңғы сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін қабылдайды.  

Ернұр Неғманов, онкологиялық диспансердің онколог-дәрігері:

Біріншіден кез келген адам жодамасыз келе алады. Екіншіден маңыздылығы басқа да созылмалы аурулар анықталады. Үшіншіден емдеу өткізе аламыз.

Расымен, осындай скрининг пен ашық есік күндерінде обыр ісігінің алғашқы белгілері анықтала бастайды. Статистикаға сәйкес, тегін қабылдауға 100 адамдай келеді екен.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Вице-министр жастар орталығының жұмысымен танысты
18:35, 30 маусым 2022
Вице-министр жастар орталығының жұмысымен танысты
Толығырақ...