ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Эпиджағдай өршіп келеді

17:20, 4 тамыз 2022

Павлодар облысында тамыз айының соңында коронавирус инфекциясы өршуі мүмкін деген болжам бар. Сол үшін мамандар барынша қауіпсіздік шараларын ұстануға кеңес береді. Қазірдің өзінде облыста 500-ден астам адамда кви анықталды. Олардың 39-ы стационарда жатыр.

Павлодар облысында жарты жыл ішінде дизентерия, қызылша, көкжөтел, паратит аурулары тіркелген жоқ. Бірақ 156 адам ішек ауруларымен дәрігердің көмегіне жүгінген.  Сондай-ақ, короновирустық инфекция да өршіп келеді. Өткен тәулікте 99 жағдай тіркелді. Олардың басым бөлігі симптоммен.

Батырбек Әлиев, облыстың бас санитарлық дәрігері:

Вирусологиялық зертханалармен соңғы тәулікте 605 зерттеу жүргізілді. Індет басталғалы миллионнан астам ПТР- зерттеу жасалды. Қазір 9 зертхана жұмыс жасайды. Соңғы үш аптада ковидтің бірқатар артқаны байқалады. Соңғы аптаның өзінде 405 жағдай тіркелді.

Денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, облыста ауыр науқастар тіркелмеген. Стационарлық емде 39 пациент жатыр. Жалпы стационарлық 130 және 15 реанимациялық  төсек орын әзірленді.  Алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша емханаларда мобильді бригадалар жұмыс жасап тұр. Орташа есеппен тәулігіне 70 шақыртуға қызмет көрсетеді.

Ерғалы Асылбек, денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысының м.а:

Жалпы амбулорлық деңгейде 519 науқас емделіп жатыр. Медициналық ұйымдар дәрілермен қаматамысз етілуде. қажетті мөлшері бар. Жүкті әйелдерге келсек,  9 науқас стационарда  емделуде.

Сондай-ақ, енді жүкті әйелдер бұрынғыдай жеке инфекциялық госпитальға жатқызылмайды. Естеріңізде болса, осыған дейін 1 қалалық аурухананың бір бөлімшесі бұл пациенттерге қарастырылған еді.

Ерғалы Асылбек, денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысының м.а:

Бүгінде әйелдерге арнайы бөлімше жоқ. бірақ олар егерде расталған жағдай болса әрбір стационрада жеке инфекциялық бокстар бар. Сол палатарларда жатыр.

Аурудың алдын алудың тексерілген тәсілі ол вакцина. Сондықтан вакциянация, ревакциянация жұмыстары қайта қарқын алды. Қазір медициналық мекемелерде 5700 доза – казвак, 1900 доза Камирнати Пфайзер, 20000 доза Вероцелл екпелері қолжетімді. 159 мың адам ревакциянациядан өткен.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
17:08, 5 тамыз 2022
Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
Толығырақ...