ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Эпидемиологиялық ахуал ушығып барады

21:38, 14 шілде 2021

Павлодар облысында коронавирус жұқтырғандар көбейіп, жағдай ушығып тұр. Осыған байланысты өңірде карантин шаралары күшейтіледі. Енді демалыс күндері қоғамдық көліктер жұмысы тоқтатылады. Бас санитарлық дәрігердің қаулысындағы өзге де өзгерістер жайлы сюжетте толығырақ.

Павлодар облысы 10 күннен аса қызыл аймақтар қатарында. Өңірде эпидемиологиялық ахуал күннен-күнге нашарлап барады. Індеттің алдын алу үшін карантин шаралары қайта күшейтіледі.

Батырбек Әлиев, облыстың бас санитарлық дәрігері:

«Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, қалааралық, облысішілік, қалааралық тұрақты және тұрақты емес  (туристік)  автобус және шағын автобус тасымалы тоқтатыла тұрсын. Көлік  бірліктерінің санын ұлғайта отырып, саяжай бағбандықтарына дейін жүретін автобус маршруттарын қоспағанда қоғамдық көлік жұмыстарына демалыс және мереке күндері тыйым салынады.

Сондай-ақ, демалыс күндері білім беру орталықтары, балалар мен ересектерге арналған үйірмелер жұмысы тоқтатылады. Сауда орталықтарының жұмысы кешкі сағат 20:00 ге дейін шектеледі.

Батырбек Әлиев, облыстың бас санитарлық дәрігері:

Жұмыс күндері қызметтері шектелсін:

1. фитнесс-орталықтары, фитнесс-клубтары, йога-орталықтары, спорттық-сауықтыру объектілері, клубтары, спорт  объектілері, сауналар, СПА-орталықтары, бассейндер, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер сағат  20.00 дейін.

2.   сауда орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері -  «Ashyq» жобасына қатысуына қарамастан сағат  18.00 дейін.

3.  «Ashyq» жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану объектілері, фудкорттар сағат  20.00 – ге дейін, «Ashyq» жобасына қатыспайтындар – сағат  18.00-ге дейін. 06:49

Өткен тәулікте індет жұқтырғандар саны 143-ке жетті. Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары қызыл аймақта.

Батырбек Әлиев, облыстың бас санитарлық дәрігері:

Және Ақтоғай, Успенка, Баянауыл, Шарбақты аудандары. Сары аймақта: Павлодар, Тереңкөл, Железин және Ертіс аудандары. Жасыл аймақта: Аққулы және Май аудандары.

Облыстың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы 15 шілдеден бастап күшіне енеді.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Кардиологиялық орталықта 128 науқас ем қабылдап жатыр
18:55, 3 тамыз 2021
Кардиологиялық орталықта 128 науқас ем қабылдап жатыр
Толығырақ...
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 100 НАУҚАС ЖАНСАҚТАУ БӨЛІМІНДЕ ЖАТЫР
20:22, 2 тамыз 2021
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 100 НАУҚАС ЖАНСАҚТАУ БӨЛІМІНДЕ ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Серік Теміржанов олимпиадада  1/8 финалға шықты
15:41, 28 шілде 2021
Серік Теміржанов олимпиадада 1/8 финалға шықты
Толығырақ...