ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Эпидемиологиялық ахуал тұрақты

22:52, 3 мамыр 2022

Павлодар облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Модульдік ауханада емделіп жатқан науқастар жоқ. Десе де сақтық шараларын естен шығаруға болмайды дейді мамандар.

Бүгінде Павлодар обылсында короновирусқа қарсы екпе салу жұмыстары  жалғасуда. Емханаларда егу кабинеттері жұмыс істеп тұр. Бүгінде облыс халқының 73 пайызы бірінші компонентті қабылдаған. Яғни, 378 мыңнан аса адам. Ал, 368 мыңнан аса адам екі компонентті де толық алған.

Ерғалы Асылбек, денсаулық сақтау басқармасы бөлім басшысының м.а:

Сонымен қоса өңірдің 122 мыңнан аса адам ревакцинациядан өтті. Сондай-ақ, мобилді госпитал істеп тұр. Десе де емділіп жатқан ешкім жоқ. Соңғы науқас 20-сәуір күні жазылып шығарылды.

Жақын арада Павлодар қалалық номері бірінші аурахансында ауқымды қайта құру жұмыстары жүреді. Осыған байланысты тұрғындардың, медицина қызметкерлерінің алаңдаушылғына да тоқталған мамандар еш келеңсіздік болмайтындығын атап өтті. Барлық емдеу корпустары мен операциялық блоктар әрмен қарай өздерінің жұмысын атқара бермек. Ал, акушерлік блокты басқа алаңға көшіру жоспарлануда.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар