ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлады

13:23, 28 қаңтар 2022

Ауру жас талғамайды. Өңірде коронавирус жұқтырғандар көбейіп барады. Өткен аймен салыстырғанда сырқаттанғандар саны 3,5 есеге артқан.

Соңғы тәулікте 123 адам ауруханаға жатқызылды. Қазір стационарда барлығы 883 науқас ем алып жатыр. Ауруханадағы төсек орын жүктемі 54,8 пайызды құрайды. Яғни, емдеу мекемелерінің жартысы толы. Жансақтау бөлімінде жатқан 24 науқастың төртеуі жасанды желдету аппаратына қосылған.

Ерғалы Асылбек, денсаулық сақтау басқармасы бөлім басшысының м. а.:

Бүгінде ауыр жағдайдағы науқастар модульді ауруханаға және кардиоорталыққа орналасқан. 200 орындық модульді аурухана 186 адам ем қабылдап жатыр. Кардиоорталықта 34 адам. Сонымен қоса, облыстық балалар ауруханасы, жүкті әйелдерге арналған жеке акушерлік госпиталь ашылған. Сонымен қатар бірінші қалалық аурухананың бұрынғы хосписында да инфекциялық төсек орын ашылған. Сәйкесінше, Екібастұз бен Ақсу ауруханалы да бар.

Бүгінде індетке шалдыққан 450 жүкті әйел дәрігерлер бақылауында. Оның 85-і стационарда ем алып жатыр.

Ерғалы Асылбек, денсаулық сақтау басқармасы бөлім басшысының м. а.:

Балалардың статистикасына тоқталатын болсақ, жалпы 397 бала ем қабылдап жатыр. Стационарлық емдеуде 133 бала және қалғаны амбулаториялық емдеуде ем қабылдап жатыр. Жүкі әйелдер мен балалар арасында аурушандықтың өскенін байқауға болады.

Павлодар облысында коронавирустың кауіпті «Омикрон» штаммы ресми тіркелген жоқ. Бірақ ауру жұқтырған адамдар санының күрт өсуін дәрігерлер осы штаммен байланыстырып отыр. Қазір талдау нәтижелері зерттелуде.

Батырбек Әлиев, облыстың бас санитарлық дәрігері:

Өте күрделі. 1-2 істелінбейді. 2-4 апта қажет болады. Өте күрделі тест ол.

Сонымен қатар, Павлодар облысында вакцинаның екі компонентін 339 944 адам салдырған. Ал, Pfizer екпесін 4862 жасөсіпірім, 228 жүкті әйел мен 1976 бала емізетін ана алды. Сондай-ақ, өңірдің 65 мыңға жуық тұрғыны ревакцинациядан өткен.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Мемлекетке 4 млрд теңге шығын келтірді
22:40, 18 мамыр 2022
Мемлекетке 4 млрд теңге шығын келтірді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:32, 20 мамыр 2022
Өңірде 149 сотталушыға рақымшылық жасалды
Толығырақ...