ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Эпидемиологиялық ахуал көңіл көншітпей тұр

23:02, 30 шілде 2021

Павлодарда квиді жұқтырғандар саны тәулігіне 300 адамға жетті. Жағдай ушықпай тұрғанда эпидемиолог дәрігерлер вакцина алуға шақырады. Одан бөлек, өңірлер матрицасында қоңыр қызыл түсі енгізілді. Қоңыр қызыл аймағына еніп жатсақ, не өзгереді?

Павлодар өңірінде эпидахуал көңіл көншітпейді. Бүгінде облыста 30 мыңнан аса адам коронавирустық инфекция жұқтырған. Соңғы тәулікте  жаңа  275 жағдай тіркелді. Облыс 4-ші шілдеден бастап қызыл аймақта. Қызыл аймақ демекші, елдің бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес енді «қоңыр қызыл» аймағы да енгізілді.  Аталмыш аймаққа еніп жатсақ, жағдай ушығып, ашыққа кірмегендер жұмысын тоқтатады.

Батырбек Әлиев, облыстың бас санитарлық дәрігері:

Егер қоңыр қызыл аймаққа кіріп жатсақ, қаулыға сәйкес жұмыс күндері ашыққа кірмеген нысандар жұмыс істемейтін болады. Қазір мысалы олар кешкі сегізге дейін жұмыс күндері істеп жатыр ғой. Қоңыр қызыл  аймағына кірсек не уақыты қысқарады, не мүлдем жұмыс істемейді. Ашықтағылар жұмыс істей алады.

Аймақта Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалалары мен Ақтоғай, Павлодар, Баянауыл, Успен, Май, Аққулы, Ертіс аудандары қызыл аймақта. Облыста 2155   инфекциялық орын дайындалған, оның 53 пайызы қазір бос емес. Қазір стационарда жатқан 87 адамның жағдайы ауыр. Аймақта амбулаторлық деңгейде 3630 адам ем қабылдап жатыр. 128 балада КВИ расталған, олардың 72-сі стационарлық емде. Осы ретте ата аналардың көкейінде жаңа оқу жылының қалай басталатыны туралы сұрақ бар. Оқу жылын дәстүрлі түрде бастау үшін қазір білім басқармасымен барлық жұмыстар жасалуда. Ол үшін педагогтардың 100 пайызы вакцина алуы тиіс. Қазір өңірде 92 пайызы алған.

Дінислам Болатханұлы, білім беру басқармасының басшысы:

Қазіргі күнді біздерде 92 пайз алды. Бұл жұмыс жалғасып жатыр. қалғандары денсаулықтарына байлан.ысты вакцинадан өте алмайды.

Педагогтардың арасында вакцина салдыру бойынша Успен ауданы көш бастап тұрса, Баянауыл, Аққулы аудандарында бұл жұмыс баяу жүргізілуде.  Эпидемиолог дәрігерге жағдайыдың ушыққанын күтпей, екпе салуға шақырды.  

Ирина Сорокина,  жоғары санаттағы дәрігер-эпидемиолог:

Әрине қазір ауруханалар профильденіп ашылып жатыр. Модульді госпиталь, қалалық №3, оңалту орталығы, хоспис қазір ашық. №1 қалалық аурухана ковид жұқтырған жүкті әйелдерді қабылдап жатыр. Облыстық акушерлік корпус ашылайын деп жатыр. Түсінесіздер ме бәрін профильдеп шексіз стационарларды ашу мүмкін емес, басқа науқастар да бар ғой. Аурудың шарықтаған шағын күтіп отырамыз ба? Алдын алу керек. Вакцина салу керек. 

Күн сайын аймақта 300-ге жуық адам коронавирусты жұқтырып отыр. Бас санитарлық дәрігер, қазір сырқаттанғандар саны бойынша өңір шырақтау шегіне жетті дейді.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
18:42, 14 қыркүйек 2021
Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
Толығырақ...