ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Емханаға тіркеу басталады

19:02, 13 қыркүйек 2021

Қазақстанда жыл сайын 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін емханаларға тіркеу науқаны жүргізіледі. Биыл қандай өзгерістер бар? Алдағы бейнематериалдан көріңіз.

15 қыркүйектен бастап алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына еркін тіркелу бойынша жыл сайынғы науқан басталады. Биылғы жылы тіркеу ережелері шетелдіктер мен еңбек мигранттары үшін өзгерді. Олардың медициналық сақтандыру шарты болуы тиіс. Жаңа ережелер осы жылдың 15 - тамызынан бастап күшіне енді. ҚР азаматтары, қандастар және ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер үшін тіркелу тәртібі өзгеріссіз қалады.

Әлия Тұлжанова, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ПОФ директорының орынбасары:

Электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы тіркелуге болады. Денсаулық сақтау бөлімінде тіркеу қызметін таңдайсыз. Өтініш берген соң, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы хабарлама келеді. 

Екінші әдіс-емханаға тікелей жүгіну. Бұған тек зейнеткерлер, мүгедектер, бала кезінен мүгедектердің қамқоршылары, сондай-ақ колонияларда жазасын өтеушілер, патронат тәрбиешілер, студенттер, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер ғана құқылы. Науқан кезінде медициналық ұйымға тіркелген азаматтар медициналық көмекті тек 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ала бастайды. Яғни, осы жылдың 31 желтоқсанына дейін азаматтарға бұрын тіркелген емханада қызмет көрсетіледі.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
18:42, 14 қыркүйек 2021
Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
Толығырақ...