ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Елордалық дәрігерлер қабылдау жүргізді

18:58, 9 маусым 2021

Нұр-Сұлтан қаласынан келген дәрігерлер облыс тұрғындарының денсаулығын текссерді. Өңірде 3 күн болған ақ халаттылар қаланың бірнеше ауруханаларында қабылдау жүргізді.

«Медициналық университет орталығы» корпоративтік қор мамандары бір ай көлемінде республикамыздың түкпір-түкпіріне барып, жергілікті мамандарға тәжірибелік және әдістемелік-консультациялық көмек көрсетуде. Акушер-гинеколог дәрігер Ғалымжан Тоқтарбековтың сөзінше, Павлодарлық ақ халаттылар жоғары біліктілігімен ерекшеленеді.

Ғалымжан Тоқтарбеков, акушер-гинеколог дәрігер (Нұр-Сұлтан қаласы:

Сіздің дәрігерлеріңіздің біліктілігі өте жоғары деңгейде. Бірақ, біз үнемі оқып, тәжірибе алмасуымыз керек. Сондықтан мұндай сапарлар бізге де, жергілікті мамандарға да пайдалы. Бастысы пациенттер үшін ыңғайлы. Себебі, ешқайда жол жүрмей-ақ олар мұнда кеңес ала алады.

Бүгінде жатыр миомасы, аналық без кистасы, бедеулік сынды аурулар анықталуданда дейді маман. Негізі себептері - экологиялық орта, өмір салты және де келіншектердің тұрмысқа кеш шығуы. Сондықтан, аурудың алдын-алу үшін уақытылы медициналық тексеруден өткен жөн.

Ғалымжан Тоқтарбеков, акушер-гинеколог дәрігер (Нұр-Сұлтан қаласы:

Мен қараған пациенттер, қазіргі уақытта 30-дан астам қарадым. Неше түрлі аурулармен келген. Жатыр миомасымен, аналық без ісіктерімен келген, бедеулікпен бар пациенттер және бірнеше пациент операцияға емес, жай ғана консультативтік көмек алуға келген. Оларға операция жасамай, ем көрсетуге болады.

Бұл сапардың мақсаты – өңірлік денсаулық сақтау жүйесін дамыту.  Отандық медицинаның сапасын жақсарту және тұрғындар үшін қолжетімділігін арттыру. Бұл жолы Ертіс өңіріне ат басын тіреген ақ халаттылар 100-ден аса тұрғынға көмек көрсетті.

Мөлдір Бультекова

Тақырып бойынша материалдар

МӘМС жүйесі арқылы 135 195 адам сақтандырылмаған
18:20, 10 маусым 2021
МӘМС жүйесі арқылы 135 195 адам сақтандырылмаған
Толығырақ...
Вакцина салдырған 50 адам КВИ жұқтырды
18:57, 9 маусым 2021
Вакцина салдырған 50 адам КВИ жұқтырды
Толығырақ...
Маусымдық аллергиядан қалай айығуға болады?
22:31, 8 маусым 2021
Маусымдық аллергиядан қалай айығуға болады?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
19:26, 11 маусым 2021
2006 жылғы үлгідегі банкноттар айналымнан шықты
Толығырақ...
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
20:48, 11 маусым 2021
Қазақстанда азық-түліктің 19 түрін мемлекет реттейді
Толығырақ...