ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

EGOV.KZ ПОРТАЛЫНДА ВАКЦИНА САЛДЫРУҒА ӨТІНІШ БЕРЕ

19:50, 8 сәуір 2021

Бүгіннен бастап тұрғындар коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина салдыру үшін электронды үкімет порталында өтініш бере алады.

Ол үшін азамат тек egov.kz порталында тіркелген болса жеткілікті.

Эльмира Темірғалиева, денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

Яғни, науқас науқас не болмаса пациент емханаға барып, кезекте тұру қажеті жоқ.  Тек қана үйде не болмаса өзінің ұялы телефоны арқылы жазыла алады. Яғни, өзінің электрондық қолтаңбасы не болмаса бір реттік пороль арқылы қолданып, egov порталына кіреді. Денсаулық сақтау бөліміне кіріп, ондағы вакцина алу жайындағы ақпаратты алып, жазыла алады.

Өтініш бергеннен кейін азаматқа вакцина салдыруға қолайлы күні мен уақытын белгілеп, өзі тіркелген емханаға баруы керек. Азаматқа вакцина салдыру туралы алдын ала SMS хабарлама жіберіледі.

Эльмира Темірғалиева, денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

Біздің медициналық қызметкерлер арнайы оқудан өткен. Қазіргі таңда 107 егу кабинеттері жұмыс істейді. Барлық бірінші көмек көрсету емханаларында бұл жүйе жұмыс істейді. Қазіргі таңда осы екпені алатын азаматтардың саны көбейіп бара жатыр. Вакцина жеткілікті. Алдағы уақытта тағы вакцина келеді.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНА ТАҒЫ 11000 ДОЗА ВАКЦИНА ЖЕТКІЗІЛДІ
19:36, 9 сәуір 2021
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНА ТАҒЫ 11000 ДОЗА ВАКЦИНА ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...
ВАКЦИНА - АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ
19:54, 8 сәуір 2021
ВАКЦИНА - АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...