ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ДӘРІГЕРЛЕРГЕ СЫЙАҚЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

12:28, 26 наурыз 2020

Күшейтілген режимде жұмыс істеген өңірдің 500-ге жуық медицина қызметкеріне Наурыз мерекесіне орай сыйақы беріледі. Ол үшін облыс әкімдігінің қорынан 91 миллионнан артық қаражат бөлінген.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі таңда эпидемиологиялық тәртіпті сақтауға атсалысып жүрген медицина қызметкерлерін материалдық түрде ынталандыруды тапсырды. Коронавирусқа қарсы өткізілетін іс-шараларға тікелей қатысып жүрген мамандарға сыйақы беру үшін облыс әкімдігінің резервінен 91,2 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Оған 490 медицина қызметкеріне сыйақы берілетін болды.

Мақпал Қаржаубай, денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі:

Қазіргі ЧС режимінде жұмыс атқарып жатқан медициналық қызметкерлерге екі айлық жалақы мөлшерінде сыйақы тағайындалды. Ол біздің облыстық бюджеттен. 500 медициналық жұмыскерлерге берілетін болады.  

Осылайша, өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайына баса назар аударып отыр.  Әкім, жергілікті жерлерде медициналық қызметкерлерге барынша көмек көрсетуді, олардың қалыпты демалуына жағдай жасауды және олардың физикалық және психологиялық жағдайын бақылауды талап етті. Қазір облыста жедел оперативті штаб құрылған. Олар 24/7 қағидасы бойынша жұмыс жасайды. Штабтың құрамында бірқатар сала мамандары бар. Егер облыс тұрғындарында COVID-19 вирусына қатысты сұрақ-сауалдар туындаса тәулік бойы жұмыс істейтін 67-53-02 нөмеріне хабарласуларына болады.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТКІШ АППАРАТЫНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ
19:18, 11 шілде 2020
ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТКІШ АППАРАТЫНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар