ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ДӘРІГЕРЛЕР ТАПШЫЛЫҒЫ ШЕШІЛЕДІ

19:49, 29 сәуір 2021

Павлодар облысының медицина саласында кадр тапшылығы шешімін тапты. Денсаулық сақтау басқармасы мен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы арасында әріптестіктік жөнінде меморандумға қол қойылды.

Өңірде 133 маман жетіспейді. Олардың көбі - акушер гинеколог, инфекционист, реанимотолог және жалпы тәжірибелік дәрігерлер. Аталмыш мәселені шешу үшін  оңтүстік өңірден медицина қызметкерлері жұмысқа тартылмақ.

Айдар Сейітқазинов, денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Бұл меморандум Павлодар облысында медицина мамандарының тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді. Шынымен де, облыста кадр тапшылығы сезіледі. Ауылдағы ауруханаларда 20 ға жуық дәрігер жетіспейді. Бұл мәселені барынша шешуге тырысып жатырмыз.

40 жылдық тарихы бар Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры Мырзабек Рысбеков, өз кезегінде, осы мәселенің шешілуіне барынша қолдау көрсететінін айтты. Мекеме басшысы Оңтүстік тұрғындар солтүстік өңірлер ішінде Павлодар облысына көшіп келуге ниетті екендігін мойындады.

Мырзабек Рысбеков, оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры:

Павлодар облысының аудандық ауруханаларынан, денсаулық сақтау басқармасынан тапсырыс беріп, қажеттілік бар десе, түлектеріміздің, студенттеріміздің арасында үгіт-насихат жүргізіп, осы облысқа жіберуге тырысып жатырмыз. Мен оайламын осы меморандумның аясында одан да ықпалы көбейеді. Әр маман өзінің болашақ жұмыс істейтін аудандық аурухана ма, қандай маман болып барады, қандай жағдай жасалынады, соның бәрін анықтап біледі. Осы онлайн арқылы Содан кейін барып, шешім қабылдайды.

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында алты мыңдай студент білім алады. Олар медицина саласының барлық мамандықтары бойынша оқытылады. Айта кету керек, осыған дейін денсаулық сақтау басқармасы Семей медицина академиясымен дәл осындай меморандумға қол жеткізген.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУСҚА ШАЛДЫҒУ КӨРСЕТКІШІ ТӨМЕНДЕП КЕЛЕДІ
19:18, 5 мамыр 2021
ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУСҚА ШАЛДЫҒУ КӨРСЕТКІШІ ТӨМЕНДЕП КЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

7 -МАМЫР ҚАРСАҢЫНДА ӘСКЕРИ ШЕН БЕРІЛІП, МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ
01:34, 7 мамыр 2021
7 -МАМЫР ҚАРСАҢЫНДА ӘСКЕРИ ШЕН БЕРІЛІП, МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
01:36, 7 мамыр 2021
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
20:18, 11 мамыр 2021
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
Толығырақ...