ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ДЕПУТАТТАР ЕКПЕ АЛДЫ

19:41, 8 сәуір 2021

Өңірде екпе салу процесі қарқынды жүргізілуде. Бүгін бірқатар депутаттар Спутник ви вакцинасының бірінші компонентін алды. Жалпы №4-емханаға аталмыш вакцинаның бірінші компонентінен 1075, ал екінші компонентінен 555 доза әкелінген.

Гүлмира Нұрханова екпе салдыруға өз қалауымен келген. Айтуынша негізгі мамандығы санитарлық дәрігер болса керек. Сондықтан, мен вакцина салдырудан қашпаймын,-дейді.

Гүлмира Нұрханова, облыстық мәслихаттың депутаты:

Екпе алу бұл – біз үшін маңызды. Мен өз еркіммен келдім. Бұл вирусты тоқтатудың тиімді тәсілі деп санаймын. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тек қана адамдардың 65-70 пайызы екпе алғаннан соң вирустың өсуін тоқтатамыз деп ойлаймыз.

Тағы да естеріңізге салып өтейік, екпе салу пациенттің өз қалауымен жүзеге асырылатын процесс. Алдымен терапевт дәрігер адамның денсаулығын тексереді. Арнайы бақылаудан өткен соң анкета толтырылып, егу кабинетіне жіберіледі.

Еркежан Жүнісова, қалалық №4 емхананың терапевт дәрігері:

Науқас қазір вакцина алуға келіп отыр. қарау кезінде науқастың жағдайы жақсы, дене қызуы қалыпты 36,5. Қан қысымы 120/80. Сатурациясы 99. Бұрынғы ауырған ауруларынан вакцинацияға ешқандай    қарсы көрсеткіштер көрген жоқпыз.

Қазіргі таңда аталмыш емхана тіркелген 785 адам вакина алып үлгерді. Ал, екінші компоненті 375 адамға салынды. Жалпы облыс бойынша вирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 10 мыңнан астам адам алса, екінші кезеңінен 4 мыңнан астам адам өткен. Екпе салу әлі де жалғасуда.  

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

БАС САНИТАР ДӘРІГЕРДІҢ ЖАҢА ҚАУЛЫСЫ ШЫҚТЫ
11:34, 14 сәуір 2021
БАС САНИТАР ДӘРІГЕРДІҢ ЖАҢА ҚАУЛЫСЫ ШЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...