ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

COVID-19-ҒА ҚАРСЫ РЕВАКЦИНАЦИЯ БАСТАЛДЫ

20:21, 23 ақпан 2021

Павлодар облысында вакцинациялаудың екінші кезеңі басталды. Айдың басында Ресейлік «Спутник-Ви» вакцинасын алған ерікті дәрігерлерге екінші компоненті салынып жатыр. Осыдан кейін адам ағзасында вирусқа қарсы тұрақты иммунитет қалыптасатын көрінеді.

Препараттың екі түрлі компонентін араластурға болмайды. Арада 21 күн өтуі тиіс. «Almaz Medical Group» ЖШС базасында препараттың екінші компонентін аймақ басшысының орынбасары Айзада Құрманова алды.

Марина Крьякова, мейірбике:

«Спутник V» вакцинасы. Бірақ құрамы біріншісінен сәл айырмашылығы бар. Бірінші вакцинаның құрамында 26-шы серотип, ал екіншісінде – бесінші серотип бар.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов та вакцинаның екінші компонентін салдырды. Әдеттегідей тексерістен өткен соң, екпеге қарсы еш белгілері жоқ екендігі анықталды.

Қазір вакцинацияның бірінші кезеңі өтіп жатыр. Екіншісі наурыз айына жоспарланған. Айта кетейік, бірер күн бұрын Павлодар облысы қызыл аймақтан сары аймаққа өтті.

Айдар Сейітқазинов, денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Коронавирус жұқтырған адамдар саны азайып барады. Өңіріміз сары аймаққа шықты. Стационарлардағы төсек-орынның жүктемесі - 33%. Жедел жәрдем, мобильді бригадалардың жұмысы азайды.  Жақында, яғни уақыт өте келе жасыл аймаққа көшеміз деп үміттенемін.

Зәмзәгүл Досжанова, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

Алдағы аптада, яғни 15-21 ақпан аралығында КВИ ауруының 704 жағдайы немесе бұл 4,3%, ал оның алдындағы аптада 1 127 жағдай тіркелді. Сондықтан вирусты жұқтырмау үшін екпе салдыру өте маңызды. Бұл аурудың күрт азаюына әкелуі мүмкін.

Екпенің екінші компонентін алғашқы күні 126 адам салдырған. «Спутник V» препаратының кезекті партиясы Ғалым Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың орталық қоймасына демалыс күндері жеткізілді.

 

 

Аяулым Рахымжанова

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІНЕ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛУДЕ
20:25, 23 ақпан 2021
ОБЛЫСТЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІНЕ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛУДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЯНАУЫЛДАҒЫ ЕҢ СОҢҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
19:36, 19 ақпан 2021
БАЯНАУЫЛДАҒЫ ЕҢ СОҢҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...
АҚСУ КЕНТІНДЕ ӨРТСӨНДІРУШІ ҚАЗА ТАПТЫ
18:34, 25 ақпан 2021
АҚСУ КЕНТІНДЕ ӨРТСӨНДІРУШІ ҚАЗА ТАПТЫ
Толығырақ...