ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

«Біз бірдейміз» акциясы өтті

21:59, 24 мамыр 2022

Аудан, қалаларда «Біз бірдейміз» науқаны өтті. Шара барысында ерекше баланы тәрбиелеп отырған ата –аналар тегін консультация алды.

Мәдина Қуаныш «Асыл мирас»  орталығында педагог болып еңбек етеді. Мұғалім 5 бағдарлама бойынша сабақ өткізіп, аутизм спектрінің бұзылуы бар балғындармен жұмыс жасайды. Бүгінгі «Біз бірдейміз» акциясында ата-аналармен пікір алмасты.

Мәдина Қуаныш, орталық оқытушысы:

Бізде жалпы 5 бағдарлама бар. Бұл ерте қолдау бағдарламасы-  Оқу дағдыларын, өмірлік дағдыларды және әлеуметтік дағдыларды дамыту бағдарламасы және де джаспер бағдарламасы бойынша жұмыс жасаймыз. Біздің орталыққа 0 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды қабылдаймыз. Жас аралығына байланысты және де не білетініне байланысты бағдарламаларға жібереміз. Сол 3 айлық уақыт ішінде балаларда көптеген жақсы динамика көрінеді.

Осы сынды іс шараларды өткізу өте маңызды. Балалармен психологиялық тұрғыда жұмыс жасаумен қатар, ата-аналарға демеу беріп, ақпаратандыру қажет.  Аутизм – бұл қорытынды диагноз емес. 

Мәдина Қуаныш, орталық оқытушысы:

Баланы  кішкентай  жасынан бастап қарайды ғой. Сондықтан осындай орталықтарға көмек сұрап келулеріне болады. Бұл дұрыс болады. Себебі оларға ерте жастан қарау керек. Балалардың дағдыларына қарай.
Белгілі болғандай елімізде  аутизм диагнозы бар  6 мың адам бар. Бұл тек ресми статистика. Ал, Павлодар қаласында 17 жасқа дейінгі 250-ден астам бала тұрады. 

 

Әйгерім Тоқпанқызы 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар