ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

Бір тәулікте 56 адам ревакцинациядан өтті

20:28, 23 қараша 2021

Павлодар облысында бір тәулікте 56 адам ревакцинациядан өтті. Ал, вакцинаның екі компенентін салдырған тұрғындар көрсеткіші 62 пайызға жетті. Сондай-ақ, пфайзер вакцинасы жүкті әйелдер мен балаларға салынып жатыр.

Павлодар облысында кешеден бері ревакцинация басталды. Бұл шара вакцинының екі компенентін толық алған тұрғындар арасында жүргізіледі. Салдырған вакцинасына байланысты 9 ай немесе 6 айдан кейін екпені қайта алуға болады.

Ерғалы Асылбек, медициналық ұйымдарды стратегиялық дамыту бөлімі басшысының м.а:

Бір тәулікте 56 адам ревакциацияны қабылдады. Және де ревакцинация туралы ақпараттық түсіндурі жұмыстары міндетті түрде жүргізіледі. Ревакцинаны қабылдайтын адамдар, ниет етушілер саны артады деген сенімдеміз.

Өткен аптада Павлодарға пфайзер вакцинасының 29 мың дозасы әкелгінген еді. Жалпы саны 29 мың доза. Бұл вакцинаны жүкті және босанған әйелдерге, сондай-ақ, балаларға салу басталып кетті.

Ерғалы Асылбек, медициналық ұйымдарды стратегиялық дамыту бөлімі басшысының м.а:

Жүктіліктің 16- аптасы мен 37-аптасы аралығындағы жүкті әйелдерге және де босанғаннан кейінгі локдация кезеңіндегі, яғни, 42 күннен кейінгі 2 жыл аралықтағы әйелдерге екпе болып табылады.

Ал, балаларға екпе салу үшін міндетті түрде ата-ансының жазбаша келісімі болуы керек. Балаларды егу мектеп қабырғасында да, медициналық мекемеде де жүзеге асады. Негізгі ережелер баланың денсаулығы қалыпты болуы және екпе алар кезде қарыны аш болмауы керек.

Жанасыл Серікбол, тілші:

Бүгінде пфайзер вакцинасын 256 адам салдырған, оның 156-сы жасөспірім, 21 жүкті әйел, 76 босанған әйел. Жалпы облыста, короновирусқа қарсы 337 мың адам біріншгі компонетті қабылдаса, 310 мың адам екі компентетті де қабылдаған.

 

Жанасыл Серікбол

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге азайды
19:38, 30 қараша 2021
Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге азайды
Толығырақ...
Облыстың 250 тұрғыны қайта екпе салдырған
20:39, 26 қараша 2021
Облыстың 250 тұрғыны қайта екпе салдырған
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
21:18, 29 қараша 2021
«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
Толығырақ...