ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

БАЯНТАУДАҒЫ ТРИАЖ-ОРТАЛЫҚ ЖАБЫЛДЫ

20:09, 4 тамыз 2020

Биылғы жыл бәріне де оңай болған жоқ, әрине. Наурыз айынан бері ақ халаттылар белгісіз вируспен күресіп келеді. Әрине, тынымсыз талпыныстың арқасында әр бір іс өз жемісін беруде. Хабарымыздың алдыңғы сандарында Мойылдыдағы провизорлық орталық жабылғанын айтқан болатынбыз. Енді бүгін тағы да қуанышты жаңалыққа куәміз. «Баянтау» спорт сарайында орналасқан триаж-орталық та өз жұмысын тәмамдады. Тамыз айының бірінші жұлдызында бұл жердегі ең соңғы науқас жазылып шықты.

Естеріңізге салып өтейік, Баянтаудағы триаж-орталық шілденің 2-ші жұлдызында ашылған болатын. Осы уақыт аралығында 1 800 науқасты қабылдаған. Оның мың жарымын орталық және Мойылдыдағы орталықтарға жіберіп отырған. Орта есеппен алғанда күніне 60 адамнан түсіп отырған.

Ақылбек Бижанов, кардиохирург-дәрігер:

Бұл «Баянтау» 24/7 режимінде жұмыс істеді. Қазір бүкіл санитарлық өңдеуден өткеннен кейін, бұл Баянтау триаж-орталығы. Жұмысы тоқтатылды.

Ақ халаттылар тәулігіне 24 сағаттан қызмет етті. 29 дәрігер мен 45 орта медициналық қызметкерлер және 50 санитар мен ерікті жұмылдырыған. Триаж-орталықта қызмет еткен жандар короновирус белгілерін нақты анықтауға күш салған. Әрине, бұл істе қиыншылықта жоқ емес. Тығыз жұмыс кестесіне бейімделуге тура келді, - дейді, сала мамандары. Міне, сол жауапкершілік пен төзімділіктің арқасында талай ауыртпашылық артта қалып отыр. Бұдан бөлек еріктілердің де жұмысын ерекше атап өткен жөн.   

Ақылбек Бижанов, кардиохирург-дәрігер:

Адамдардың көмектері бізге әрине өте қатты дем берді. Көмектесті, біз оны сездік. Осы триаж-орталығына әр күні әр мемлекеттік және жекеменшік мекемелер бізге тамақ алып келді. Өздері көмектесті. Біз оның барлығын сездік әрине.

Қазіргі таңда триаж-орталық іші бос қалды. Бірақ, жатын орындар мен дәрі-дәрмекке арналған тақтайшалар алынған жоқ. Соңғы ем алушы үйіне жіберілген соң ғимарат толықтай дезинфекциядан өтті. Нақтылайтын болсақ, аталмыш триаж-орталық вирустың екінші толқыны бола қалса сақадай сай. Дәрігерлер қауымы да білек сыбана іске кірісеміз, - дейді.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
21:09, 22 қыркүйек 2020
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...