ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Балалар арасында індет өршіп тұр

18:39, 28 қаңтар 2022

Павлодар облысында коронавирустың таралуы өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 3,6 есеге көбейді. Індет балалар арасында да белең алып тұр. Бүгінде 90-ға жуық сынып карантинге жабылған.

Батырбек Әлиев, облыстың бас санитарлық дәрігері:

Оқу жылы басталғалы 2304 оқушы коронавирус жұқтырған. Облыста 48 мектепте 88 сынып карантинге жабылған. Мектеп дейінгі жастағы 138 баладан вирус анықталды. Олардың көбі Павлодар қаласында тұрады.

Сонымен қатар, Павлодар облысына ел шекарасынан жыл басынан бері 11 мыңға жуық адам кірген. Онда сегіз адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. 75 шет ел азаматының елге кіруіне тыйым салынды. Айта кетейік, өңірде бір айдың ішінде сегіз адам аурудан көз жұмған.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Мемлекетке 4 млрд теңге шығын келтірді
22:40, 18 мамыр 2022
Мемлекетке 4 млрд теңге шығын келтірді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:32, 20 мамыр 2022
Өңірде 149 сотталушыға рақымшылық жасалды
Толығырақ...