ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Балалар арасында індет өршіп тұр

18:54, 25 қаңтар 2022

Өңірде коронавирустың таралуы өршіп, індет балалар арасында да белең алып тұр. Жеткіншектердің дертке шалдығуы өткен аймен салыстырғанда 3 есеге артқан.

Облыс орталығындағы балалар ауруханасында 136 жеткіншек ем алып жатыр. Олардың басым бөлігі 10 жасқа толмаған балалар. Ең кішкентай пациент 1 жаста. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық.

Эльмира Темірғалиева, денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

Медициналық тараптан барлық емдік шаралар жасалып жатыр. Енді олардың қал жағдайлары орташа деңгейде, оның ішінде ауыр хәлде жатқан балалар жоқ.

Ал, пневомния мен коронавирус жұқтырған 343 бала үйде ем алып жатыр. Олар дене қызуының көтерілуі, мұрын қуысының жабылуы және тамақ ауруына шағымданады.

Эльмира Темірғалиева, денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

Еске салатын жайымыз бар баланың көңіліп аударып, қызуы түспей жатса 39-40 градус көрсетіп тұрса, тез арада жедел жәрдем шақыруға, егерде температурасы 37,8-38 градусты көрсетсе амбулаториялық, яғни дәрігерді шақыруды өтінеміз.

Айта кетейік, бүгінде 4708 жасөспірім коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырған.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Мемлекетке 4 млрд теңге шығын келтірді
22:40, 18 мамыр 2022
Мемлекетке 4 млрд теңге шығын келтірді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:32, 20 мамыр 2022
Өңірде 149 сотталушыға рақымшылық жасалды
Толығырақ...