ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

АУРУХАНАЛАРҒА ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЛАРЫ ТАРАТЫЛДЫ

21:59, 3 тамыз 2020

Павлодар облысына 300 оттегі концентраторлары әкелінді. Оның барлығы қалалар мен аудандар арасында үлестірілді. Аппараттар жаңадан құрылған «Жаңа Павлодар» қоры есебінен сатып алынды. Бұл мақсатқа 100 миллион теңгеден аса қаржы жұмсалды.

Оттегі аппараттары тиелген жүк көлігі облыстық денсаулық сақтау басқармасының қоймасына бірден жеткізілді. Бұл жерден қалалар мен аудандық ауруханалардың өкілдері жабдықтарды қабылдап алды. Концентраторлардың басым бөлігі қалаларға бөлінді. Тыныс алуға көмектесетін аппараттарды сатып алу туралы шешімді «Жаңа Павлодар» қоры қабылдады.

Илья Теренченко, «NUR OTAN» партиясы ПОФ төрағасының бірінші орынбасары:

«Жаңа Павлодар» қорының қарқоршылық кеңесіне – өңірдің қоғам қайраткерлері, түрлі ұйымдар мен партия өкілдері, сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінің өкілдері кіреді. Барлығы ашық әрі шынайы. Уақытты жоғалтпай, аппараттар қалалар мен аудандарға таратылуда.

Оттегі құралдары аудандардың эпидемиологиялық жағдайына қарай үлестірілді. Барлығына 103 миллион 125 мың теңге жұмсалды. Бұл өңірдегі науқастардың сауығып кетуіне септігін тигізеді. Мәселен, Ақтоғай ауданында провизорлық стационарда қазір 14 науқас емделіп жатыр.

Гүлбақыт Құрманғалиева, Ақтоғай аудандық ауруханасының бас дәрігері:

Науқастарымызға ең қажетті оттегі концентраторларын алуға келіп отырмыз. Бұл Павлодар облысының ауруханалары үлкен көмек деп ойлаймын. «Жаңа Павлодар» ұжымын көмек көрсетіп жатқандары үшін рахметімізді айтқымыз келеді.

Оттегі концентраторлары облысымыздың 16 ауданы мен қалаларына бөлінді. Айта кетерлігі, жабдықтарды «Bolashak INTERNATIONAL DEVELOPMANT»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тапсырыс берілгеннен бастап аз уақыттың ішінде Павлодарға жеткізді.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
21:09, 22 қыркүйек 2020
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...