ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

АУРУХАНАҒА ПРЕПАРАТТАР ТАБЫСТАДЫ

11:18, 30 шілде 2020

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, елдегі қиын кезеңде медициналық мекемелерге көмек көрсету жалғасып жатыр. Мәселен, Аққулы ауданының кәсіпкерлері аудандық ауруханаға медициналық құрал-жабдықтар жеткізіп, тегін бетперделермен қамтамасыз етті.

Аққулы ауданының кәсіпкерлері игі іс жасап, жергілікті  аурухананы қазіргі уақытта аса қажетті препараттармен қамтамасыз етті. Демеушілер аудандық медициналық мекемеге барынша қолұшын беріп, көмектесіп жатыр.

Жәния Мұқажанқызы, Аққулы ауданы әкімінің кеңесшісі, мониторингтік топтың  өкілі:

Карантин басталғаннан бері аудандық ауруханаға демеушілер 2 миллион теңгеден астам. Демеушілер ауруханаға оттегі концентраттары, пульсоксиметрлер, градусниктер, оттегі баллондары мен манометрлер сатып алды.

Сонымен қатар, жергілікті кәсіпкерлермен пациенттерге, медицина қызметкерлеріне азық-түлік түрінде көмек көрсетілді. Бұның барлығы қиын қыстау кезеңде бірге екенімізді көрсетеді. Аққулықтар, күн сайын алдыңғы шепте вируспен күресіп жүрген жерлестеріне  қолдау көрсетіп келеді. Бұл ретте, медициналық қызметкерлердің алғысы шексіз.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Кардиологиялық орталықта 128 науқас ем қабылдап жатыр
18:55, 3 тамыз 2021
Кардиологиялық орталықта 128 науқас ем қабылдап жатыр
Толығырақ...
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 100 НАУҚАС ЖАНСАҚТАУ БӨЛІМІНДЕ ЖАТЫР
20:22, 2 тамыз 2021
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 100 НАУҚАС ЖАНСАҚТАУ БӨЛІМІНДЕ ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Серік Теміржанов олимпиадада  1/8 финалға шықты
15:41, 28 шілде 2021
Серік Теміржанов олимпиадада 1/8 финалға шықты
Толығырақ...