ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Антирекорд: 865 адамнан коронавирус анықталды

19:26, 21 қаңтар 2022

Антирекорд. Павлодар облысында бір күнде 865 адамнан коронавирус анықталды. Күн сайын індет жұқтырған адамдар саны өсіп барады. Өңірге «Омикрон» шаммы келді ме?

Бүгінде ауруға шалдыққан 620 науқас стационарда ем қабылдап жатыр. Инфекциялық ауруханалардың жартысы толы. Науқастар саны күрт көбейген жағдайда, өңірде қосымша төсек-орын жасақталмақ.

Эльмира Темірғалиева, денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

Егер жағдай ушығатын болса, яғни қосымша төсек-орын дайындалады. Бұл Зеленая Рощадағы туб санаторий ашылады. Енді егер одан да күрт өзгеретін болса, жоспарлы түрде науқастарды жатқызатын стационарды жауып, коронавирус жұқтырғандар төсек-орын ашылады.

Аймақта мобильді бригадалардың жұмысы күшейтілді. Қоңыраулар саны 3 есеге артқан. Бір күнде 200-ге жуық пациентке барады. Бүгінде 4000 мыңнан астам адам амбулаториялық ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 93 жүкті әйел мен балалалардың саны- 200-ден асады.

Эльмира Темірғалиева, денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

Жедел-жәрдемді емес, мобильді бригаданы шақыруды өтінемін. Қазір шақыру жүктілігі жоғарылаған. Емханада хабарласа алмай жатқан жағдайлар болса, 109 қызметіне не болмаса  денсаулық сақтақ басқармасының ватсап желісі жұмыс істейді. 8 705 447 52 52 номері арқылы звандаңыз.

Ел аумағында коронавирустың «Омикрон» штамы анықталуына байланыста аймақта эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады. Павлодар облысына ресми тіркелмегенімен, ауру симптомдары омикрон белгілеріне ұқсайды. Қазір жауапты органдар Нұр-Сұлтан қаласындағы зертханаға жіберілген тесттің нәтижелерін күтіп отыр.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Мемлекетке 4 млрд теңге шығын келтірді
22:40, 18 мамыр 2022
Мемлекетке 4 млрд теңге шығын келтірді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:32, 20 мамыр 2022
Өңірде 149 сотталушыға рақымшылық жасалды
Толығырақ...