ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Аймақта бес сынып карантинге жабылды

21:20, 10 қыркүйек 2021

Павлодар облысында оқу жылы басталғалы коронавируспен ауырған балалар саны көбейді. Қазір індетке шалдыққкен 170 бала дәрігерлер бақылауында. Олардың 44-і ауруханада ем қабылдап жатыр. Өңірде бірнеше мектептің сыныптары екі апталық карантинге жабылған.

Ғизат Әбешев, санитарлық-эпидемиологиялық департаментінің бөлім басшысы:

1 қыркүйектен бастап оқушылар арасында 7 жағдай тіркеліп отыр. Оның ішінде Павлодар қаласында-3, Екібастұз қаласы-2, Успен ауданы - 1, Май ауданы - 1. Карантинге жабылған сыныптар саны - 5. Бұл Май ауданында 8-ші сынып, Успен ауданында 8-ші сынып, Павлодар қаласында 3-ші сынып, 7-ші сынып, Екібастұз қаласында 8-ші сынып карантинге жабылған.

Сондай-ақ, павлодарлық дәрігерлер 28 күн бойы реанимацияда жатқан 11 айлық нәрестенің өмірі үшін әлі де күресуде. Дәрігердің айтуынша, нәрестенің жағдайы тұрақты емес.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
18:42, 14 қыркүйек 2021
Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
Толығырақ...