ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Аймақ басшысы вакцинация қарқынын тексерді

23:01, 30 шілде 2021

Павлодар облысының әкімі қалалық емханалар мен жеке медициналық мекемелерде болып, халықты COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау науқанының қалай өтіп жатқанын бағалады. Екінші Павлодардағы №3 емханада өңір басшысына вакцинация қарқынының төмендеуі туралы айтылды. Егер бұрын мұнда коронавирусқа қарсы күніне 200-300 адам вакцинацияланған болса, бүгінде бұл көрсеткіш 100-ге жуық адамды ғана құрайды.

Міндеттік вакцинациялау науқаны басталғалы халықты екпе алуға ынталандыру үшін облыс орталығында бағалы сыйлықтар ұтыс ойыны ұйымдастырылған болатын.  Алайда, Әбілқайыр Сқақовпен әңгіме барысында вакцинаны алуға келген адамдар олар үшін бірінші кезекте өздерінің денсаулығы мен қауіпсіздігі екенін атап өтті.   Қазіргі уақытта өз еріктерімен екпе салдыруға келетіндер көп. Осы ретте әлбетте, емханаларда ұзын-сонар кезек түзіледі. Бұл олқылықтың алдын алу үшін аймақ басшысы қосымша егу пункттерін ашуды тапсырды. №4 емханада коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның бірінші және екінші компонентін алатын пациенттер ағынын бөлу туралы шешім қабылданды. Егер адамдар алғашқы егуді медициналық мекеменің өзінде алса, екіншісін - көрші орналасқан «Ertis Olympic» ғимаратындағы арнайы жабдықталған кеңседе алады. Әбілқайыр Сқақов екпе салатын дәрігерлердің жұмыс кестесіне де назар аударды. Сонымен қатар, аймақ басшысы облыс орталығында орналасқан бірнеше жекеменшік клиникаларға да бас сұқты. Себебі, қазіргі таңда екпе салу жұмыстарымен бұл емханалар да айналысады.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
18:42, 14 қыркүйек 2021
Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
Толығырақ...