ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Адам денесіндегі жәндіктер

19:11, 13 қыркүйек 2021

Адам сенгісіз оқиға. Павлодарлық отбасы Ақтау шипажайында жұқтырған тері астындағы жәндіктерден екі ай бойы зардап шегіп келеді. Бүгінге дейін қаралмаған дәрігері жоқ. Зәресі қашқан тұрғындар түнде ұйқыдан айырылған. Мұның қандай паразит екендігі анықталмай жатыр. Тіпті, Ұлттық сараптама орталығының ең мықты деген мамандарының өзі белгісіз жәндік туралы толыққанды ақпарат бере алмай отыр.

Анна Пахомова мен оның 13 жастағы қызы күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылған. Себебі, тері астынан шыққан паразиттердің қайдан пайда болғаны әлі белгісіз. Суға түскен кезде жәндіктердің іздері көрінеді екен. Тіпті, қанатты жәндіктердің тері сыртына шыққан кезі де болыпты.

Анна Пахомова, Павлодар қаласының тұрғыны:

Денемізден шығатын жәндіктердің не екендігі белгісіз. Ғаламтордан қарағанымызда бүргеге ұқсас жәндік екендігін анықтадық. Бірақ бұл нақты сол ма, емес пе белгісіз.

Павлодар қаласының тұрғындары ауруханада бір апта жатқан.  Жүргізілген ем-шаралардың арқасында денедегі жәндіктер жойылды. Бірақ орындары әлі де бар дейді - ақ халаттылар.

Гүлфайруз Нұрсейіт, Павлодар облыстық инфекциялық ауруханасының дәрігері:

Ұлттық сараптама орталығына диагнозы жіберілді. Қорытынды диагноз паразиттің түрі анықталмаған. Қазіргі нақты жағдайда науқастар үйіне шығарылды. Қанағаттанарлық жағдайлары. Шағымдары жоқ, дене температуралары қалыпты.

Айта кетейік, бұған дейін осы секілді симптомдарға шағымданғандар болған. Бірақ, инфекциялық ауруханаға келмепті. Естеріңізге сала кетейік, мүгедек балаларды күтіп отырған бірнеше отбасы Ақтауға шипажайға барған. Паразиттер сол жақта жұққан

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
18:42, 14 қыркүйек 2021
Ауыл тұрғыны трактор жасап шығарды
Толығырақ...