ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

7 жастан бастап балаларға мүгедектік топтары белгіленеді

20:36, 23 қараша 2021

Биылғы жылдың қараша айынан 7 жастан бастап балаларға мүгедектік топтарын белгілеуді көздейтін заң нормасы күшіне енді. Бұл ереже арқылы мүмкіндігі шектеулі жандар мемлекеттен қандай көмек алады? Толығырақ келесі материалда.

 

Павлодар облысында бүгінгі күні 18 жасқа дейінгі 3 079 мүгедек бала бар. 7 жастан 16 жасқа дейінгі 1 894 бала медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі арқылы автоматты түрде мүгедектік топтарын алды.

Ләззат Сартымбетова, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменті басшысының орынбасары:

Бұрын 16 жасқа дейінгі балаға мүгедектік санаты белгіленетін. Барлығы бірдей жәрдемақы алды. Қазіргі уақытта бала денсаулығына байланысты, яғни айтып отырғаным жағдайы ауыр болса, мемлекет тарапынан үлкен көмек көрсетіледі.

Осылайша, заң күшіне енген күні балалары 7 жасқа толған және одан асқан ата-аналарға/заңды өкілдерге мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне келудің қажеті жоқ. Алайда, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті әр жағдайды жеке қарастыруға дайын.

Егер бұрын балалар мүгедек балалар сияқты қатаң белгіленген төлемді алса, бүгінде төлем мөлшерін ұлғайтуға мүмкіндік бар.  Егер балада 3 топ болса, онда төлемдер сол деңгейде қалады. Яғни, 1,4 АЕК немесе 48023 теңге.

Евгений Губарев, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің басшысы:

Жаңа ережелер бойынша 3-ші топ мүгедектеріне төленетін жәрдемақы сол мөлшерде қалса, 2-ші топ бойынша 54 441 теңгеге дейін және бірінші топтағы мүгедектерге 65 860 теңгеге дейін беріледі.

Сондай-ақ, заңға сәйкес Қазақстанда бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын адамдарға жәрдемақы енгізілді.   Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,4 АЕК мөлшерінде.

 

 

Аяулым Рахымжанова, Мурат Әбілмәжит

 

Тақырып бойынша материалдар

Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге азайды
19:38, 30 қараша 2021
Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге азайды
Толығырақ...
Облыстың 250 тұрғыны қайта екпе салдырған
20:39, 26 қараша 2021
Облыстың 250 тұрғыны қайта екпе салдырған
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
21:18, 29 қараша 2021
«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
Толығырақ...