ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

50 млн теңгенің дәрі-дәрмегі керек

17:14, 8 қазан 2021

Павлодарлық 8 жастағы Әлиге 50 млн теңгелік препарат қажет. Ол буындардың артриті ауыруына шалдыққан. Балақайдың жағдайы күн санап ауырлап келеді. Оның әжесі билік пен қарапайым халықтан көмек сұрайды.

8 жастағы Әли Баймұратов барлық балалар секілді мектепте емес, қазір үйде оқып жатыр. Себебі, ол уақытымен препараттарын қабылдап, үнемі әжесінің бақылауында болу керек. Балақай 4 жасында стрептококты тонзиллит ауруына шалдығып, буындарына ауырсыну беріп, ол макрофабтардың белсенді синдромына жеткен. 

Райхан Айдашева, Әлидің әжесі:

Бұл бала кішкентай кезінен өте аурушаң болды. Иммунитеті төмен болғандықтан осы инфекцияға шалдығып қалған деп айтады. Негізгі қазіргі диагнозы ювенильді идиопатикалық артрит. Белгілі бір уақытта аяқтары буындары ісіп кетеді. Жүре алмай қалады.

Қатты ауырған кезде тек ауырсынуды басатын дәрілер ғана көмектеседі. Бірақ бұл уақытша. Толық емделіп шығу үшін елордалық дәрігерлер кішкентай науқасқа Канакинумаб немесе Иларис деген препараттар керек дейді. Ол Швецарияда өндіріледі. Оның бір флаконы 2-4 млн теңге аралығында. Ал Әлиге осындай 13 флакон қажет.

Райхан Айдашева, Әлидің әжесі:

Дәрігерлердің сөзінше бұл дәрі бізге көмектесуі керек. Артриттің ауырсынун басуы керек. Бір жыл бойы аламыз. Өте ауыр препарат. Оны қатты ауырған балаларға ғана тағайындайды. Ұқсас дәрілер жоқ, бірақ тасымалдауышларға байланысты. Алматыдағы бір дәріхана бұл препараттын бір флаконын 1 млн 900 мың теңге тұратынын айтты.

Санап көрсек, 13 флаконға шамамен 50 млн теңге қаражат керек. Әлидің әжесі болса қазір жұмыссыз, немересінің жанында отыр. Ал, бағасы аса қымбат препаратты алуға шамасы келмейді. Сондықтан қалалық, облыстық әкімдіктерге, денсаулық сақтау басқармасына барып көмек сұраған. Ал, Райхан Айдашеваның сөзінше, еліміз бойынша осындай препараттарды 9  бала  алады екен.

Эльмира Темірғалиева, денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

Өкінішке қарай Иларис препараты амбулаторлық қамтамасыз ететін дәрілер қатарына кірмейді. Сондықтан біз экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына қаражат бөлу мақсатында хат жолдадық. Одан бөлек, аталмыш препараттарды сатып алу үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлу мақсатында  облыстық мәслихатта жағдай талқыланады. Қазір денсаулық сақтау басқармасымен тиісті шаралар жасалып жатыр.

Сома бөлінген жағдайда мемлекеттік сатып алу жүйесі бойынша препараттарды алу жүзеге асатын болады. Айта кетейік, кішкентай Әлиге көмектескіңіз келсе сіздер үшін мына телефон нөмірлері ұсынылды. 8705 268 08 68

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Бір жастағы бала өздігінен демала алмайды
19:15, 22 қазан 2021
Бір жастағы бала өздігінен демала алмайды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
22:22, 18 қазан 2021
Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
Толығырақ...