ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары күшейтілді Толығырақ

21 мыңнан астам адам вакцинаның үш дозасын салдырған

20:29, 28 желтоқсан 2021

Павлодар облысында ревакцинация жасауы тиіс 57 мың адамның тек 20 мыңы вакцинаның үшінші дозасын салдырған. Тұрғындар екпе салдыруға неге асықпайды? Үшінші дозада да бастапқыда салған сол вакцинаны алу керек пе? Екпе алғаннан кейін коронавирус жұқтырғандар қайта екпені қашан салдыра алады? Аяулым Рахымжанова рет-ретімен айтып берсін.

Әлемде коронавирустың жаңа штамдары шығып жатыр. Сондықтан бұл жағдайда екпенің үшінші дозасы, яғни ревакцинация қажет дейді мамандар. Халықтың басым бөлігі вакцинаның екі дозасын маусым мен шілдеде салдырған. Олардың сол вакцинада пайда болған антиденесі алты айға дейін жарамды. 

Ерғалы Асылбек, денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысының м.а.:

Егер де алғашқы екі компоненте сіз векторлық вакцина спутник виді қабылдасаңыз, онда оған керісінше вакцинаның басқа түрін алу ұсынылған. Каз-Вак, Веро-Селл вакциналарын алуға болады. Ал, егерде адам иноктирілген түрін алған болса, керісінше спутник види алуға болады. Ал, егер вакцианың басқа түрін алғыңыз келмесе, бастапқыда өзіңіз алған вакцинаны үшінші рет те алуға рұқсат етілген.

Екпенің екі дозасын алып, кейін коронавирус жұқтырғандар аурудан толық айыққаннан кейін алты айдан соң ревакцинациядан өте алады. Ал, жүкті немесе бала емізіп отырған аналар Pfizer вакцинасын салдырса, алты айдан кейін ревакцинаға келе алады. Сондай-ақ, вакцинация не ревакцинация алдында антиденені анықтау үшін тест тапсырудың керегі жоқ. 

Ерғалы Асылбек, денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысының м.а.:

Егер де сіздің ревакцинация жасатуға уақытыңыз келетін болса, тек қана денсаулық жағдайыңыз тексеріледі. Деніңіз сау болса, ревакцинация жасатуға рұқсат етілген.

Қазіргі уақытта елімізде 9 млн-нан астам адам вакцинаның бірінші компонентін алды. Бұл 18 жастан асқан халықтың 80 пайызына жуығы. Шамамен 8,5 млн адам екінші компонентті салдырды. Бұл - 75 пайыз. Келер жылдың І-жартыжылдығында 9 млн адам ревакцинациядан өтуі қажет. Ал, Павлодар облысында желтоқсан айында қайта екпе егуі тиіс 57 мың адамның тек 20 мыңы вакцинаның үшінші дозасын салдырған.

Ерғалы Асылбек, денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысының м.а.:

Бүгінде жоспардың орындалуы өкінішке орай жоғары емес. 34 пайызды құрап отыр. Яғни, 21 500-ден аса адам ревакцинациядан өтті.

Жалпы, Павлодар облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Инфекциялық ауруханалар мен реанимациядағы орындардың 20 пайызы толық. Індетке шалыдққандар мен ауыр жағдайда жатқан науқастар саны айтарлықтай азайды.

 

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлады
13:23, 28 қаңтар 2022
Эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті
19:16, 24 қаңтар 2022
Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті
Толығырақ...
Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды
19:38, 24 қаңтар 2022
Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды
Толығырақ...