
Коронавирустың таралуы бойынша Павлодар облысы қызыл аймаққа енді. Соңғы тәулікте өңірдің 150 тұрғыны індет жұқтырған. Эпидемиялық ахуалың күрделенуін мамандар омикрон штамымен байланыстыруда.
Бұл штам жылдам тарайтынығымен ерекшеленеді. Әзірге Павлодар облысында ресми түрде омикром штамы анықталған жоқ.
Ерғалы Асылбек, денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысының м.а.:
Өткір фазада өтеді көрсететін болады.
Жүктемелерді қабылдауға дайынбыз дейді мамандар. Сонымен қатар, аурудың алдын-алу мақсатында екпе салу жұмыстары да өңірде қарқынды. Екі дозаны қабылдағандар көрсеткіші 45 пайызға жетсе, бір компонетті қабылдағандар көрсеткіші 70 пайыздан асқан.
Ерғалы Асылбек, денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысының м.а.:
Сонымен қоса, ревакцинация да ала алады.
Павлодар облысына Спутник лайт вакцинасы қаңтар айының соңында жеткізілуі мүмкін. Сондай-ақ, айта кетейік, кеше 37 павлодарлық короновирустан айықты.
Жанасыл Серікбол