ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Жолдау жүйелі жүзеге асырылады

22:32, 8 қыркүйек 2021

Достық үйінде облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың қатысуымен Ел Приезиденті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауының негізгі бағыттарын талқыға салған жиын өтті. Яғни, мемлекетіміздің күре тамырына айналған экономикалық сала назардан тыс қалмауы керек. Келелі кеңес туралы сюжетте толығырақ.

Перзидент өз жолдауында барлық салаларды тілге тиек етті. Экономикалық-әлеуметтік, спорт пен мәдениет, денсаулық пен бизнес – бұның барлығы елдің кешенді дамуы үшін маңызды рөл атқаратын салалар.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Жолдау ол біздің әрқайсымыздың белсенді қатысуымызды талап ететін өзгерістердің негізі. Мемлекет басшысы жолдауда мемлекеттік бизнесін, және азаматтық қоғамның өзара байланысында іске асыру тиіс жеті негізгі міндетті белгіледі.

7 негізгі басыттың алғашқысы – короновирус індеті өршіп тұрған кездегі экономика мәселесі. Себебі, іргеде жайылған індет шағын және орта бизнестің құлдырауына әсер еткен болатын. Енді, етек-жеңді жинап, аталмыш саланы қайта жандандыру керек. Ол үшін, мемлекеттік бағдарламалардың қарқынын арттыру керек,-деді аймақ басшысы. Ал, келесі мәселе мынадай.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қатысты. Мемлекет басшысы атап өткендей бұл бағытта біздің стратегиямызды түзету қажет. Жалпы, өңірде агроөнеркәсіп саласы жақсы дамып келеді. Осылайша 2025 жылы ауылшаруашылығының жалпы өнім көлемі 334 млрд теңгеге дейін немесе 2019 жылдың деңгейіне қарағанда 1,3 есе арттыру жоспарда.

Сонымен қатар, халық қалаулылары да бұл жолғы жолдауға қолдау білдіріп отыр.

Жарқынбек Амантай, облыстық мәслихаттың депутаты:

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жолдауы ерекше ерекше өзекті мәселелерді қамтыды. Оның ішінде жұртшылықтың көкейінде жүрген маңызды жайттарды айта кету керек. Дұрыс сауатты қолдана білу. Одан бөлек, инфляцияны ауыздықтау. Бұл өте халыққа маңызды дүниелердің бірі. Және бұдан бөлек айта кететін дүние – баға тұрақтылығы. Сосын ауылшаруашылығына, қарапайым халыққа арналған жерлерді халықтың иелігіне беру.

Бұл жұмыстарды бір кісі жалғыз өзі жүзеге асыра алмайды. Сондықтан іске жұмыла кіріскен жөн деген болатын мемлекет басшысы. Сондаға ғана бастама берекелі болмақ,-деп қорытыланды жиын соңы.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы, Раиса Моргунова

 

Тақырып бойынша материалдар

Мәжіліс депутаттары Павлодар облысына келді
11:20, 4 қазан 2021
Мәжіліс депутаттары Павлодар облысына келді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Композитордың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ашылды
12:27, 15 қазан 2021
Композитордың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ашылд...
Толығырақ...