ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЕТУ ОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛДЫ

13:08, 14 сәуір 2020

Аймақта карантин режимінің енгізілуіне байланысты тұрғындардың сұрақтарына барынша жылдам уақытта жауап беретін жедел әрекет ету орталығы жұмысын бастады. Тұрғындар 130 нөмірі арқылы қоңырау шалуларына болады.

Жедел әрекет ету орталығына 130 нөмірі бойынша қоңырау шалуға болады. Уақытша тек стационарлы телефон арқылы хабарласуға мүмкіндік бар. Бірақ жуық арада ұялы телефонмен хабарласу да іске қосылады. Бірінші кезекте өтініштер мен сұрақтар 109 нөмірі арқылы жүргізіледі. Түрлі басқармалардың араласуын талап ететін мәселер туындаған жағдайда 130 нөміріне жіберіледі.

Сәкен Шаяхметов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:

Орталықта 80-ге жуық маман қызмет етеді. Біз кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,  әлеуметтік қорғау сияқты басты бағыттар бойынша жұмыс жасаймыз.

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметовтың айтуынша, жедел әрекет ету орталығына түскен сұрақтарға бір сағат ішінде жауап беріледі.

Сәкен Шаяхметов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:

Қазір барлық өтінімдер 109 бірыңғай байланыс орталығы арқылы қабылданып жатыр. Онда операторлар санын көбейттік. Егер де шешімі қиын сұрақтар болса, олар тез арада Жедел әрекет ету орталығына жіберіледі. Егер де қосымша басқа мамандардың көмегін талап етсе, біраз уақыт қажет болады.

Орталықтың міндеті – тұрғындарды дұрыс ақпараттандыру. Қазіргі уақытта халықты мазалаған өзекті сұрақтарға жауап беру. Карантиннің егізілуіне байланысты бұл орталық 24 сағат ішінде жедел құрылды.

Абзал Қабдраш, 109 бірыңғай диспетчерлік қызмет орталығының директоры:

Қазіргі таңда 109 бірыңғай байланыс орталығының операторлары облыс тұрғындарын, қала тұрығындарын соңғы енгізілген шектеулерге байланысты түсіндіру жұмыстарымен қамтамасыз етіп жатыр. Яғни келіп түскен қоңырауларға облыстың бас дәрігері бекіткен қаулыға сәйкес түсіндіру жұмыстары жасалады. Бүгінгі күні қала бойынша соңғы екі күнде 2000-нан астам қоңырау келіп түскен.

Келіп түсіп жатқан сұрақтардың басым бөлігі – қаладағы адамдардың жүріп-тұруы,  аурухана, дәріханалардың жұмысы. 

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
20:22, 3 шілде 2020
БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
11:37, 3 шілде 2020
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...