ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары күшейтілді Толығырақ

Жағдаяттық-сараптамалық орталықтың әлеуеті

11:20, 23 қараша 2021

Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысы әкімдігінің жағдаяттық-сараптамалық орталығының жұмыс қорытындысымен журналистерді таныстырды. Аталмыш орталық 4 жүйе бойынша жинақталған. Олар ақпараттық-аналитикалық жүйе, мемлекеттік органдарға өтініштер жіберу қызметі, жобалар мен Геопорталды мониторингтеу бағдарламасы. Жақында бесінші, eAkimat365 біріктірілмек. Алдағы материалда толығырақ.

Жағдаяттық-сараптамалық орталығына түскен деректерді бақылау, оларды талдау, болжамдар жасау және шешімдер қабылдау үшін тұрақты негізде 24 салалық маман жұмыс істейді. Жоба салыстырмалы түрде жақында ғана іске қосылғанына қарамастан, оның жұмысының бірқатар оң нәтижелері бар. Біріншіден, Павлодар облысы тұрғындарының өтініштерін қарау жағдайы жақсарды. Қарау уақыты үш есеге дейін қысқарып, қайталанатын өтініштер саны 57%-ға азайған.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:Жоба 4 ақпараттық жүйеден тұрады. Осының арқасында бірқатар проблеммалар сешілді. Әсіресе, қайталанатын өтініштер саны азайды. Бұл өтініш беруші үшін оң және жан-жақты шешілген мәселелердің көбеюін білдіруі мүмкін. Әр іске немқұрайлы қарау азайды деп айта аламыз.

Екіншіден, жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландырудың арқасында бүгінде Геопорталда облыстың 3700-ден астам тұрғынына қызмет көрсетілді. Бұл сыбайлас жемқорлыққа бейім салада азаматтарға қызмет көрсету кезінде адами фактор алынып тасталды деген сөз. Бұл сонымен қатар қызмет алушылардың уақытын үнемдеп, бюрократияны жоғалтады. Үшіншіден бюджеттік үрдістерді цифрландыру. Бұл жобаларға басымдық берудің айқын ашықтығынан басқа, елді мекендерге бюджет қаражатын бөлудегі диспропорцияларды азайтуды білдіреді. Яғни, процестердің ашықтығы ауылдарды тең қаржыландыруды қамтамасыз етеді.
Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Біз жобаларды жүзеге асырудың объективті көрінісін көріп, бірдеңе бола қалса, дереу шешім қабылдаймыз. Әңгіме негізінен облыс тұрғындарының өміріне тікелей әсер ететін әлеуметтік нысандар – ауруханалар, мектептер және басқаларының сапалы және уақтылы салынуы немесе жөнделуіне қатысты. Осы жоба шеңберінде 200-ге жуық мемлекеттік қызметші жобалық басқарудың негіздері бойынша арнайы курстардан өтті.

Павлодар облысы әкімінің журналистермен кездесуінде мемлекеттік қызметкерлердің санын қысқарту шараларының кезекті нәтижелері туралы да сөз болды. Келесі жылдың соңына дейін штаттың тағы 1/4 бөлігін қысқарту жоспарлануда. Ол аудан әкімінің орынбасарларына да, басқарма басшыларының орынбасарларына да әсер етпек.
Сонымен қатар, аймақ басшысы «Достық» шағын ауданы қандай болатынын айтып, жылумен қамту және монополистермен жұмыс жасау туралы сұрақтарға жауап берді.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

Әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру қажет
18:46, 25 қаңтар 2022
Әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру қажет
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті
19:16, 24 қаңтар 2022
Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті
Толығырақ...
Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды
19:38, 24 қаңтар 2022
Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды
Толығырақ...