ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Вице-министр жастар орталығының жұмысымен танысты

18:35, 30 маусым 2022

Павлодар облысына жұмыс сапарымен ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Александр Данилов келді. Елордалық мейман жастар бастамаларын дамыту орталығының жұмысымен танысты. Одан кейін үкіметтік емес ұйым өкілдерімен жүздесті.

Қазіргі заман ақпараттық-технологиялардың қарқынды дамыған уақыты. Онда жастардың алатын орны ерекше. Бұл тұрғыда көптеген бағдарлама жүзеге асып жатыр. Өңірге сараплап келген вице министр осылай деді. Оның сөзінше өскелең ұрпақтың алдында көкжиегі кең зор мүмкіндіктер бар.

Александр Данилов, ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі:
Қазір біз мемлекеттік бағдарламаларды одан әрі нығайтуды көздеп отырмыз. Сондықтан еліміздің ауыл аймағын аралауды жөн көрдік. Біздің мақсатымыз  жобалардың облыс деңгейінде орындалу барысымен танысу. Әкімшілік жанындағы жастар кеңесі енді жаңа ұсыныстарды әзірлемек. Осы қалыптасқан жұмыстың нәтежесінде біз жарты жыл, бір жыл ішінде оң өзгерістерді байқаймыз деп ойлаймын.

Жұмыс сапары барысында вице-министр жастар бастамаларын дамыту орталығының жұмысымен танысып, қызметкерлермен тілдесті.

Александр Данилов, ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі:
Орталықта тыңғылықты жұмыс жасалып жатқанын көріп отырмыз.  Мысалы  есептік жиналыстарды тыңдаған кезде немесе  кейбір өңірлерге жұмыс сапарымен барғанда біз жұмыс контенті жоқ екенін байқамыз. Барлықтары бізді осындай орталық бар, осындай кабинет бар деп жеткізеді. Алайда кабинет – ол жай ғана кеңсе бөлме. Жастар түрлі бағыттарда жұмысқа тартылуы керек.

Облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманова өңірде көптеген жоба жүзеге асырылатынын жеткізді.  Оның ішінде  жас мамандарға мемлекеттен үй беру мәселесі. Қазіргі уақытта бұл сұрақ қарастырылып жатыр.

Жұмыс сапары барысында вице –министр аймақ аралық қарым-қатынасты дамыту  жайын тілге тиек етті. Өңірлер арасында тәжірибие алмасып, білікті мамандарды тартылса,  мемлекеттік  саясат  нығая түсетіні анық деп ойын түйіндеді.


Әйгерім Тоқпанқызы

Тақырып бойынша материалдар

Қала әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті
17:13, 4 тамыз 2022
Қала әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті
Толығырақ...
Мәжіліс депутаттары Успен ауданына барды
21:18, 7 шілде 2022
Мәжіліс депутаттары Успен ауданына барды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...