ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

«Таза Баян –таза жүрек» науқаны

20:03, 12 мамыр 2022

Баянауылда "Таза Баян – Таза жүрек" науқаны өтті. Павлодарлықтар демалыс аймағын күл-қоқыстан тазартып, тастарға салынған суреттер мен жазулар өшірілді.

Серік Батырғожинов, Баянауыл ауданының әкімі:

Осындай акцияға келгендеріңізге мың алғыс айтамын. Баянауыл туристік аймағында жыл сайын 100 мың адам келіп демалады. Біздің міндетіміз - табиғатқа зиян келтірмеу.

Баянауыл жартасының 60% - ға жуығы осындай жазулармен, махаббат туралы сөздер және географиялық атаулармен қамтылған. Жазуларды жуу үшін 150 ерікті, арнайы техника мен альпинистер қажет болды. Ең таңқаларлық нәрсе –  келген қонақтар осыншама биіктікке өз қолтаңбаларын қалдырып кеткен.

Қаныш Әбиев, Баянауыл ұлттық паркінің қызметкері:

Барлық тастарда осылай жазып кетеді. Аты-жөндерін, қайдан келгендерін... Бірақ ескерту жасап жатамыз. Бірақ бәрінің артынан қарап үлгермейсін. Шама келгенше тоқтатамыз.

Алғашқы жарты сағатта еріктілер 100-ден астам қапқа қоқыс жинады. Бұл "Таза Баян –Таза жүрек" науқаны алғаш рет өткізіліп отыр. Бірақ ұйымдастырушылар енді жыл сайынғы игі дәстүрге айналады деген үмітте.

Салтанат Нұрмағамбетова, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы туризм бөлімінің басшысы:

Табиғат аясында демалуға келсеңіз де, өзіңізбен бірге қоқыс сөмкелерін алып келуді сұраймыз. Экология, туритық аймақтардың таза болуы - тек өзімізге байланысты.

Баянауылда демалыс маусымы келесі айдың алғашқы күндері ашылмақ. Пандемиядан кейін биыл курортта 150 000 турист күтілуде.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы, Раиса Моргунова

Тақырып бойынша материалдар

Мемлекеттік қызметкер мәдени қамтылуда
21:19, 20 мамыр 2022
Мемлекеттік қызметкер мәдени қамтылуда
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:32, 20 мамыр 2022
Өңірде 149 сотталушыға рақымшылық жасалды
Толығырақ...