ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

СУ ТАСҚЫНЫН АЛДЫН-АЛУ ШАРАЛАРЫ АЯҚТАЛДЫ

13:07, 26 мамыр 2020

Аймағымызда су тасқынын алдын-алу шаралары аяқталды. Ауа райы мен күні бұрын жүргізілген шаралардың арқасында – өңірде көктемгі су тасудың бірде-бір жағдайы тіркелмеді. Бұл туралы облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың төрағалығымен төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның отырысында айтылды. Онда атқарылған жұмыстың қорытындысы шығарылды.

Өткен жылы республикалық жол картасының шеңберінде Ақтоғай және Баянауыл аудандарында инженерлік шаралар өткізілді. Осының арқасында, қар еру кезінде қауіп-қатерді алдын-алуға мүмкіндік берді. Ащысу өзенінің арнасын тазарту үшін республикалық бюджеттен 1 миллион 228 мың теңге бөлінсе, ал облыс қазынасынан 1 миллион 300 мыңнан аса қаражат қарастырылды. 

Ернұр Өтегенов, облыстық ТЖ департаментінің бастығы:

Биылғы жылы дренажды ұңғымаларын орнату, алдын-ала қар шығару жұмыстары, сондай-ақ, жер асты су арналарын тазалау бойынша жүргізілген жұмыстардың арқасында күрделі проблема туғызбады. Сонымен қатар, екінші Павлодардың 17 көшесі, Зеленстрой шағын ауданында 7, және Екібастұз қаласындағы 1 үй бақылаудға алынды.

Комиссия отырысында, келер жылғу су тасқыны кезеңінде аймақ инфрақұрылымын дайындау бойынша бірқатар ұсыныстар енгізілді. Ол үшін ең алдымен облыс бюджетін тиімді пайдаланып, шешімін табылмай жүрген проблемаларды түбінен шешу керек дейді аймақ басшысы.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Ұсыныстардың барлығын қолдаймын. Сондықтан, 15-ші маусымға дейін алға қойылған жұмыстардың жоспарын тапсыру керек. Келер жылы су тасқынын алдын-алу үшін республикалық және облыстық жол картасы бойынша қажетті құжаттарды тапсырыңыздар. Барлығына әрдайым болуымыз керек.

Сала мамандары жобалар бойынша тапсырмаларды бақылауға алып, олардың мерзімінде орындалуын бақылайтындығын айтты.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
20:22, 3 шілде 2020
БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
11:37, 3 шілде 2020
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...