ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Сөзден іске көшу керек

23:30, 26 мамыр 2022

«Өнер» мәдениет үйіне мыңнан астам екібастұздық жиналды. Кеншілер қаласына жұмыс сапарымен барған Әбілқайыр Сқақов тұрғындармен кездесті. Онда су, жол, әлеуметтік мәселелер көтерілді.

Республикада өндірілетін көмірдің жартысынан көбі және электр энергиясының 1/3 бөлігі Екібастұзға тиесілі. Облыстағы өнеркәсіп өнімдерінің 34 пайызы да кеншілер қаласында шығарылады. Шаһарда 250-ден аса кәсіпорын жұмыс істеп, өндіріс көлемі 930 млрд теңгені құрап отыр.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Осы Екібастұз қаласының кешенді жоспары бойынша 2025 жылға дейін біз осы әлеуметтік-экономиканы дамытамыз деп алдымызға мақсат қойып отырмыз. 114 шара көзделген. Осы шаралардың құны 932 млрд теңге. 1 трлн-ның құны. Соның ішінде инвестициялық жобал бар. Жаңа жұмыс орындары ашылады. Инфрақұрылым мен тұрғын үй мәселесі дамып келеді.

Шағын және орта бизнес  субъектілерінің саны 8 мыңнан асады. Онда 23 мыңнан астам адам жұмыс істеп жатыр. Ал, бес жылдың ішінде тағы 14 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ.  

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Соңғы екі жылдың ішінде 93,8 пайыз сумен қамтамасыз ету мәселесі шешілуде. Кеше шалғай ауылдарды аралап шықтық. Биыл ауылдық жерлерде су мәселесі 100 пайыз шешіледі.

Жиын барысында Әбілқайыр Сқақов құр сөзден іске көшу керектігін атап өтті.  

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Бізге нақты сөйлесу керек. Жаңа Қазақстанды құратын болсақ, мәселені көтерсеңіз, шешу жолын бізге шағып беріңіздер. Біз ақылдасатын боламыз. Қазір сондай заман келді. Бұрынғыдай жақсы көрсеткіштер, экономика дамып жатыр. Риза болайық деген уақыт өтті. Президент саяси реформаларды ұсыныс ретінде енгізді. Сондықтан барлығымыз болашақ үшін өмір сүруіміз керек.

Сондай-ақ, облыс әкімі Екібастұзда білім саласына жұмсалған қомақты қаржы ақталып жатқанын айтты. Бұдан бөлек, кездесу кезінде көп балалы отбасыларды қолдау, шалғай жатқан ауылдардың жолдары мен өзге де мәселелер талқыланды.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Қала әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті
17:13, 4 тамыз 2022
Қала әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті
Толығырақ...
Мәжіліс депутаттары Успен ауданына барды
21:18, 7 шілде 2022
Мәжіліс депутаттары Успен ауданына барды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...