ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

СОЗБАҚҚА САЛЫНҒАН ҚҰРЫЛЫСТАР

10:56, 21 мамыр 2020

Павлодар қаласында құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Әсіресе, тұрғын үйлер күн санап бой көтеруде. Әйтсе де, құрылыс жұмыстары созбаққа салынып, әлі аяқталмай жатқан ғимараттар бар. Бұлар көбінесе коммерциялық нысандар. Оларға қандай шара қолдану керек?

Облыс орталығында құрылыс жұмыстары жылдарға созылып кеткен жиырмаға жуық құрылыс алаңдары бар екен. Біріншіден, бұл жағдай қаланың көркімен сәнін кетірсе, екіншіден тұрғындардың өміріне қауіп те төндіруі мүмкін. Академик Сәтбаев көшесі мен Луначар көшелерінің қиылысында салынып жатқан құрылыс нысаны бірден көзге түседі.

Есенбек Санатұлы, тілші:

Халық арасында «сақалды құрылыс» аталып кеткен ұзақ мерзімді салынатын нысандар шаһардың сәнін кетіреді. Мысалы, менің арт жағымда салынып жатқан бұл ғимараттың құрылысының басталғанына он жылдың жүзі болды.

Дәл осы Сәтбаев көшесінің бойында тағы бір сақалды құрылыс көзге қораш көрінеді. Болашақта «Неке сарайы» болады, деп жоспарланған нысанның аумағы ашық-шашық.  Бұл жерде түнде қаңғыбастар мекендеп, тіпті түрлі қылмысқа жол берілмесіне кім кепіл!

Есенбек Санатұлы, тілші:

Бұл нысанның да ірге тасы қаланғанына едәуір уақыт болды. Қазіргі кейпіне қарап, қаланың қақ ортасында салынып жатқан құрылыс деп айтудың өзі қиын. Өйткені, құрылыс алаңы қоқысқа толған, қамыс басқан. Шамасы мұнда көптен бері құрылыс жұмыстары жүргізілмегенге ұқсайды.

Қаланың сәнін кетіретін сақалды құрылыстарыға аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов та назар аударыпты. Әкімдіктің кезекті жиынында түйткілді мәселені ортаға салды.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Бұл нысандардың эстетикалық сәулеті жағынан сәні жоқ. Бұған қоса қауіпсіздік жағы тағы бар. Өйткені, аяқталмай созбақталған құрылыс кейін тұрғындардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Байқауымша, бұл мәселені ешкім бақылауға алмайтын сияқты.

Түйткілді түйнекті өз бақылауына алған облыс әкімі, мәселені бір аптаның ішінде бір жақты етуді тапсырды. Енді нысан иелері құрылысты жалғастыратын болады, немесе басқаша жолы қарастырылады.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
20:22, 3 шілде 2020
БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
11:37, 3 шілде 2020
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...