ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

СОТТАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕП ЖАТЫР?

20:21, 29 сәуір 2020

16 наурыздан бері еліміздің сот жүйесі қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшкен. Аймағымыздың соттарына осы кезеңде 2,5 мың іс келіп түскен. Әкімшілік істердің 40 пайызы – төтенше жағдай кезінде орын алған заңбұзушылықтар.

Әйгерім Бозанбаева, тілші:

Қаламызда төтенше жағдай режимін бұзған 142 адамға - 3 миллион 880 мың теңгеден астам айыппұл салынған. Шыны керек, облысымызда төтенше жағдайға байланысты әкімшілік сот істерінің саны артқан. Олардың басым бөлігіне ескертулер айтылды. Тәртіп сақшыларына қарсылық білдіріп, заңға бағынбаған азаматтар да бар.

Қазіргі уақытта өңір соттарының жұмысы электронды технологиялардың көмегімен онлайн жүзеге асырылуда. Облыстық сот төрағасының міндетін атқарушы Бақытбек Бегәлиев онлайн баспасөз мәслихатында – төтенше жағдай кезіндегі соттардың жұмысы жайлы баяндап берді.

Бақытбек Бегәлиев, облыстық сот төрағасының міндетін атқарушы:

Облыста 27 сәуір күнімен қарағанда 7887 азаматтық іс қаралды. Оның ішінде 1734-і осы төтенше жағдай кезінде қаралып жатыр.

Қылмыстық істердің саны былтырғы жылмен салыстырғанда өзгерген жоқ. 27 сәуір күнгі мәлімет бойынша, 403 қылмыстық істің 103-і осы төтенше жағдай кезіне қатысты. Ал әкімшілік істердің қатары керісінше, көбейген. Төтенше жағдай тәртібін бұзғаны үшін 964 тұлға жауапкершілікке тартылып, 117 адам қамауға алынды. Жыл басынан бері 6 мыңға жуық іс қаралса, оның 2515-сі төтенше жағдай кезіне тиесілі. Сонымен қатар, қатаң режим ережесін бұзу бойынша 985 іс қозғалып, 630-ына ескерту жасалды. Заңға бағынбаған азаматтарға көп жағдайда жеңіл жаза қолданылады. Онлайн баспасөз мәслихатында бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан басқа да сұрақтар қойылды. Экономикалық сот төрағасына қатысты іс бойынша нақты ақпарат берілмеді.

Бақытбек Бегәлиев, облыстық сот төрағасының міндетін атқарушы:

Экономикалық соттың төрағасы ісінің мәліметі бойынша – жоғарғы соттың төрағасы оның қызметін тоқтатты. Себебі, бас прокурордың қаулысына байланысты оның қызметі тоқтатылды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Әйгерім Бозанбаева, тілші:

Облыстық сот жүйесінің қызметкерлерінің барлығы қашықтықтан жұмыс істеп жатыр. Олардың арасында індетті жұқтырғандар жоқ. Бірақ, Екібастұз қаласында 4 адам, Павлодар қаласында 2 адам оқшаулауға алынған.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
20:22, 3 шілде 2020
БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
11:37, 3 шілде 2020
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...