ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

СІЗ НЕШЕ САҒАТ ЖҰМЫС ІСТЕЙСІЗ?

10:14, 13 наурыз 2020

Сіз күніне неше сағат жұмыс істейсіз? Ал, егер сіз мемлекеттік қызметші болсаңыз, сегіз сағаттан артық жұмыс істеуге құқыңыз жоқ. Мемлекеттік қызмет жөніндегі Агенттіктің Павлодар облысы бойынша департаменті артық жұмыс істеуді жою мақсатында тиісті шараларды қолға алды.

Сегіз сағаттан артық жұмыс істемеу туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру; табыс пен өмір сүру сапасын жақсарту» атты жолдауында кеңінен атап өткен болатын. Яғни, кешкі сағат 18:30-дан кейін мемлекеттік мекемелерде компьютерлерді автоматты түрде сөндіру сол кезеңнен бастап енгізілген болатын. Бірақ, толықтай емес. Қазіргі таңда барлық мемлекеттік мекемелерге бұл жүйені енгізу қолға алынып отыр. Бұдан бөлек ыңғайлы жұмыс кестесі жүйесі де қарастырылған. Облыс бойынша бұл жүйе арқылы 15 мемлекеттік мекеме жұмыс істейді. Оның 10-ы атқарушы органдар, қалған 5-і орталық мемлекеттік органдардың аумақтық құрылымдары. Әлбетте бұл бағыттың өзі түрлі жағдайларды ескере отырып, мемлекеттік органның қалауы бойынша енгізіледі. Бұған дейін қызметкерлер тарапынан ауызша өтінімдер болған.

Ерлан Төлегенов, облыстық мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының басшысы:

Қазіргі таңда барлық мемлекеттік мекемелерде сағат кешкі алты жарымнан кейін компьютерлерді сөндіру процессі енгізілген. Бұл біріншіден. Ал, екіншіден мемлекеттік мекемелердегі қызметкерлердің уақытын оңтайландыру мақсатында «ыңғайлы жұмыс кестесі» атты жүйе қолға алынып отыр. Бұл өз кезегінде нәтижелі жұмыс жасауға септігін тигізеді. Бұл – жұмыс беруші мен келісім негізінде қызметкердің өз қалауы бойынша еңбек күнінің күн сайынғы басталуы мен аяқталуын таңдау мүмкімдігімен сипатталады. Бүгінге дейін Департаментке мемлекеттік қызметшілерден ыңғайлы жұмыс кестесін ұсыну туралы ауызша өтініштер келіп түскенін атап өткен жөн.

Ақпан айының соңында өткізілген рейдтік жұмыстар нәтижесінде бірнеше мемлекеттік мекемеде заң бұзушылық анықталған. Бұған қатысты сала мамандары арнайы шара қолданатын болады.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
20:22, 3 шілде 2020
БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
11:37, 3 шілде 2020
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...