ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС

11:53, 8 сәуір 2020

Бүгінгі таңда Павлодарда жүзге жуық бизнес нысандары уақытша тоқтап тұр. Ал, онда жұмыс атқаратын мыңдай тұрғын ақысыз демалысқа жіберілген. Әйтсе де, банкротқа ұшыраған бірде бір кәсіпорын жоқ. Бұл туралы онлайн брифингте облыс әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметов мәлімдеді.

Төтенше жағдай кезінде еріксіз жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болған шағын және орта бизнес өкілдеріне Үкімет тарапынан көрсетілетін қолдаулар бар. Облыс әкімдігі жанынан құрылған штабта 18 мониторингтік топ бар.  Сол топтардың бірі кәсіпкерлердің мәселесімен айналысып, жағдайларымен танысып тұрады. Ол топқа облыс әкімі орынбасарларының бірі Сәкен Шаяхметов жауапты. 

Сәкен Шаяхметов, облыс әкімінің орынбасары:

Әрбір аудан мен қала деңгейінде ондай мониторнгтік топтар бар. Олар ең алдымен біздің кәсіпкерлеріміздің төтенше жағдай режимін сақтауын қадағалайды. Санитарлық нормалардың орындалуын бақылайды. Уақытша тоқтап тұрған кәсіпорындарды тексеріп, қанша жұмыс орны босап қалғанына да мониторинг жасайды.

«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасын жүзеге асыру үшін біздің өңірге республикалық қазынадан қосымша 2,4 млрд теңге бөлінген. Субсидиялауға 1,4 млрд теңге қарастырылған. Жобалардың барлығы да жұмыс істейтін болады. Осы күнге дейін 82 жоба мақұлданып, қаржы берілсе, тағы 22 жоба банктердің қарауында жатыр. Төтенше жағдай кезінде 100-дей бизнес субьектілері жұмыстарын уақытша тоқтатты. 

Жайық Хасанов, кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы:

Жүз шағын және орта бизнес жабылды. Оның ішінде мың шақты адам қазіргі таңда өздері демалысты. Олар көбінесе үш сауда обьектісі, 12 қоғамдық тамақтану обьектісі, қызмет көрсету саласы бойынша он, компьютер клубтары бойынша 27, түнгі клуб 17 обьекті, 19 жаттығу залы, 12 спорт кешені.

«Павлодар» еркін экономикалық аймағында жүзеге асып жатқан индустриалдық жобалар да жалғасатын болады. Шет елдік инвесторлармен күніне екі мәрте онлайн байланыс орнатылып, жобалар талқыланады. Биылға экономикалық аймақта екі инвест жоба жүзеге асырылады, деп жоспарланған.  

Мейір Алпысов, индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы орынбасарының м.а:

Жобалар жалғасып жатыр. Біз күніне екі-үш рет осы ЗООМ арқылы шет елдік инвесторлармен конференция жүргіземіз. Олардың сұрақтарына жауап береміз. Толыққанды өзіміз жақтан қолдау көрсетіп жатырмыз. Қандай қағаз бойынша көмек керек болып жатса, жер мәселесі болсын, басқа мәселе болсын барлық сұрақтарына жауап беріп жатырмыз.

Сәкен Шаяхметов, өңірде құрылыс қарқыны жалғасатынын атап өтті. Ал, қазіргі төтенше жағдайда медициналық петперде проблемасы шешілген. Кеше ғана дәріханаларға 47 мың маска жеткізілген болса, бүгін тағы 22 мың бетперде сатылымға шығады. Қазір бетперде тігумен бірқатар кәсіпорындар айналысып жатыр.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
20:22, 3 шілде 2020
БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
11:37, 3 шілде 2020
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...