ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

САЯЖАЙ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

19:12, 23 сәуір 2020

Саяжай маусымын ашу мәселесі төтенше жағдай бойынша облыстық штабтың талқысында қаралады. Бұл туралы әкімдікте өткен жиында айтылды. Онлайн режимінде ұйымдастырылған бас қосуда бағбандарды толғандыратын сұрақтар талқыланып, саяжай маусымын ашу мәселесі сөз болды.

Бүгінгі таңда Павлодар облысында 30 бағбандық кооператив жұмыс істейді. Олардың кейбірінде шешілмеген мәселелер бар. Бірқатар саяжайларда жер асты сулары көтерілуіне байланысты жеміс пен көкөністі тек шілде айында егулеріне тура келеді. Павлодар қаласының әкімі Қайрат Нүкенов, кептіру жүйелерін жөндеуге қаражат бөлінгенін, мамыр айының соңына дейін барлық жұмыстар аяқталатынына сендірді. Ал, кейбір кооперативтерде бейнебақылау камералары жоқ. Осыдан болып құрлық тыйылмай тұр.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Полиция жасағын күйшетіп, олардың күзеті үшін саяжайларды аймақтау жұмысын дұрыс ұйымдастыру қажет. Саяжайлар барынша тәртіп пен қауіпсіздік шараларымен қамтылуы тиіс. 

Өңірдің бас полицейі саяжай аумақтарында атты патрулдердің қызмет атқарып жатқанын айтты. Олар қоғамдық тәртіпті барынша қадағалайтын болады.

Нұрлан Мәсімов, облыстық полиция департаментінің бастығы:

Біз қазір Павлодар қаласы бойынша үш атты патруль шығардық. Олар осы саяжайлар аумағындағы қоғамдық тәртіпті қадағалайтын болады.

Кооператив басшылары саяжай маусымының ашылуы туралы да сөз қозғады. Олар аймақтағы енгізілген карантин режиміне түсіністікпен қарайтындарын жеткізді. Әйтсе де, адамдарға саяжайларға баруға рұқсат беру керек деп санайды, кооператив басшылары.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Біз бағбандардың барлық толғаныстарын түсінеміз. Саяжай мауысымының ашылу мәселесін төтенше жағдай бойынша облыстық штабтың отырысында талқылайтын боламыз. Егер де облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгеріс енгізілген жағдайда, олар қалалық штабтарға хабарланады.

Бағбаншылардың көбі- 60-тан асқан қарттар. Олардың коронавирусқа шалдығуы қауіпі зор. Билік осы жағынан сақтанады. Егер де жақын күндері саяжай маусымының ашылуына рұқсат берілсе, саяжай аумағында жүріп-тұру барынша шектеледі. Ал, саяжай маусымының қашан ашылатыны жуық арада өтетін ТЖ бойынша облыстық штабының отырысында белгілі болады.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
20:22, 3 шілде 2020
БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ МЕРЗІМІ ӨЗГЕРЕДІ
Толығырақ...
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
11:37, 3 шілде 2020
5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
Толығырақ...