ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Референдумның маңызын түсіндірді

22:09, 18 мамыр 2022

Референдумды қолдау республикалық қоғамдық штабының Павлодар облысы бойынша өкілдері кеншілер қаласының халқымен кездесті. Ата заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар талқыланды.

Ел жаңа Қазақстанды құруға көшті. Тұтас саяси жүйе жаңғыру жолында. Мықты Парламент, мажаритарлық сайлау, Президент туыстарын билікке жақындатпау секілді бастамалар іске асып жатыр. Конституцияның 33-бабына түзету әзірленді. Бұл – Ата заңның үштен бірі.

Болат Аманбаев, журналист:

Осы референдум деген үлкен мәселе. Ата Заңымыз жылда өзгеріп отырмайды. Бір шегеленгеннен кейін бұл қалу керек. Халыққа жұмыс істеу керек. Бір ғана адамның мүддесі емес. Заң баршаға ортақ. Баршаға бірдей жұмыс істеуі керек. Президент Конституцияны баршаға бірдей тепе-теңдікпен ұсынып жатыр.

Ел бойынша референдумды қолдайтын 17 штаб құрылды. Құрамына депутаттар, ардагерлер, жастар қауымы мен қоғам белсенділері кіреді.

Жанаргүл Қадырова, журналист:

Бүгінгі кездесудің мақсаты - залықты белсенділікке шақыру. Қазір бұрынғыдай емес. Халықтың көзі ашық. Таксиге мінсен де, жүргізуші саясатты барлығын біліп отырады. Дегенмен қоғамда көзқарас бар: бізсіз де барлығын шешеді деген. Менің айтқым келеді, ондай көзқараста болмау керек. Міндетті түрде өзіңіздің саяси шешіміңізді жасап, рефрендумға келіп, дауыс беру керек.

Референдум соңғы рет елімізде 1995 жылдан кейін араға 27 салып қайта өткелі тұр. Маңызды науқан - жауапкершілікті ғана емес, көпұлтты еліміздің бірлігін де арттыра түседі.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Қала әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті
17:13, 4 тамыз 2022
Қала әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті
Толығырақ...
Мәжіліс депутаттары Успен ауданына барды
21:18, 7 шілде 2022
Мәжіліс депутаттары Успен ауданына барды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...