ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Референдумның маңызы түсіндірілді

20:25, 20 мамыр 2022

Конституциялық референдум өткізуге аз уақыт қалды. Ел тарихындағы елеулі оқиғаға бей-жай қарамай белсенді қатысу – әрбір азаматтың басты борышы. Себебі бұл – бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәт. Республика бойынша өткізі-летін референдум төңірегіндегі маңызды сұрақтарға жан-жақты жауап беру үшін, қоғамдық ой-пікір¬ді талқылап-таразылау мақ¬сатында облыстық штаб мүшелері ауыл-аймақты аралап, түсіндірме жүргізіп жатыр.

Еркеғали Жанғазы, облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі:

Біз өзгерістерге қадамды қалаймыз ба, қаламаймыз ба? Өйткені көбінесі сол жерде біздің сұраулар тұр. Біз талап еткен талаптар тұр. Сондықтан учаскеге келіп, Жаңа Қазақстанды құру үшін дауыс беруіңізді сұраймын.

Болат Аманбаев, журналист:

Біз 30 жыл бұрын демократиялық бағыттағы ел болып шықтық. Бірақ сол демократияны күшейту оңай болған жоқ. Мәселен, уәденің іске аспай қалғанын халық көрді. Соны енді демократияға бұратын осы референдум деп білемін. Бұған дейін көп жағдайлар айтылмады. Бұғып та қалған кездер болды. Бірақ қазір саната төңкеріс жүріп жатыр. Өзгеріс, жақсылық бар екеніне елдің көзі жетіп отыр.

Тақырып бойынша материалдар

Павлодарда абаттандыру жұмыстары қарқын алды
17:29, 4 шілде 2022
Павлодарда абаттандыру жұмыстары қарқын алды
Толығырақ...
Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
10:18, 4 шілде 2022
Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Вице-министр жастар орталығының жұмысымен танысты
18:35, 30 маусым 2022
Вице-министр жастар орталығының жұмысымен танысты
Толығырақ...