
Референдум жүзеге асса Ата заңдағы 33 бапқа 56 түзету енгізіледі. Демек, елді ауқымды саяси жаңғырту күтіп тұр. Бұл әділетті мемлекет құрудың басты қадамы. Жаңашылдықтар жарқын болашақ пен қоғам мүддесі үшін қызмет етеді. Саяси реформалар - халық пен билік арасын жақындата түседі. Халықтың пікірі ескеріледі. Аманат партиясы жанындағы облыстық штабтың мүшелері Ақтоғай ауданына қарасты Қараоба тұрғындарымен кездесіп, референдумның маңыздылығы жайында түсіндірме жүргізді.
Дулат Әбетжанов, облыстық мәслихаттың депутаты:
5 маусым күні болғалы тұрған жалпыхалықтық референдум. Өздеріңізге белгілі көптеген өзгерістер бізді күтіп тұр. Енді кезекте басты мақсат - Президентіміздің айтқаны: «Жаңа Қазақстан» құру. Бұл үшін азаматтық қоғамды дамытуымыз керек. Азаматтық қоғам деген сіздер мен біздерміз.