ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Референдум - ірі қоғамдық бетбұрыс

19:37, 12 мамыр 2022

Референдум - ірі саяси-қоғамдық бетбұрыс. Өңірімізге сапарлап келген Мәжіліс депутаттары осындай пікірде. Олар оқушылар сарайында білім саласының өкілдері мен кездесіп, алдағы тарихи оқиғаның маңызы жайлы пікір алмасты.

Депутаттар бұл жолғы сапарларының мәні ерекше екендігіне бірден тоқталды. Алда маңызды науқан. Бұл жолы халық Конституциялық өзгерісті дауысқа салады.

Айгүл Нұркина, ҚР мәжіліс депутаты:

Осыған байланысты бүгінгі күннен бастап барша депутаттар өңірлерге шықты. Халықпен кездесіп, өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Әріптестерімізбен Павлодар облысына келіп отырмыз.

Депутаттармен жүздесуге келген білім саласының қызметкерлері де бұның тарихи оқиға екендігін қуаттайды. Әсіресе жастар жағы.

Еркебұлан Садықов, оқушылар сарайының әдіскері:

Барша Қазақстан тарихындағы ееркше күн деп ойлаймын. Бірінші референдум өткен кезде бала болдық. Ересек болып болған кезде таңдау жасауға мүмкіндіктер жасалып жатыр.

Референдум жалпыхалықтық науқан. Әр азаматтың таңдау жасауға мүмкіндігі.

Салтанат Шабажанова, дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия директоры:

Жалпыхалықтық референдум өткізу қажет деп санаймын. Себебі бұл-халықпен санасу. Халықтың үнін есту. 27 жыл болмаған референдум.

 

Сондай-ақ, депутаттар трамвай басқармасы қызметкерлерінің ой-пікірін тыңдады.

Әділет Дулат, трамвай басқармасының бөлім басшысы:

Біздің тарихымыздағы бір ерекше күн деп есептеймін. Өйткені, бұл референдум 27 жылда қайталанып отыр.

5-маусым сайлау күні. Халықтың кезекті таңдау күні. Конституцияның 33 бабының өзгеріс дауысқа салатын күн.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Мемлекеттік қызметкер мәдени қамтылуда
21:19, 20 мамыр 2022
Мемлекеттік қызметкер мәдени қамтылуда
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:32, 20 мамыр 2022
Өңірде 149 сотталушыға рақымшылық жасалды
Толығырақ...