ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Павлодарда абаттандыру жұмыстары қарқын алды

17:29, 4 шілде 2022

Облыс әкімі жол-жөндеу және құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысын тексерді. Ол мердігерлерге Екінші Павлодардағы кәріз жүйесін сапалы, әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Облыс әкімі жол-жөндеу және құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысын тексерді. Ол мердігерлерге Екінші Павлодардағы кәріз жүйесін сапалы, әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды.

Әбілқайыр Сқақов қаланы аралауды орталық жағалаудан бастады. Мұнда отыз үш спорт түрінен «Ашық жаттығулар күні» өтті. Өңір басшысы жас спортшылармен және олардың тәлімгерлерімен кездесті.

Усолка шағын ауданындағы жағалауды абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Жаңа жағалаудың жалпы ұзындығы 800 метрді құрайды. Мұнда балаларға арналған ойын алаңдары, жаяу жүргіншілер аймағы, шахмат үстелдері мен орындықтар орнатылады. Жағалаудың периметрі бойынша бейнекамералар қойылып, ағаш көшеттері отырғызылады.

Өңір басшысы Павлодардағы орталықтандырылған кәріз желілерінің құрылыс барысымен танысты. Желілердің жалпы ұзындығы шамамен тоғыз шақырымды құрайды. Бүгінде мердігер ұйым сегіз көшедегі жұмыстарды аяқтады. Барлығы он алты көшеде кәріз құбырлары тартылады.

Сондай-ақ, аймақ басшысы қала көшелерін асфальттау барысын тексерді. Өткен жылы Екінші Павлодардағы тоғыз көшеге асфальт төселді. 2024 жылға қарай мұнда барлық көшені асфальттау жоспарлануда. Биыл Павлодарда жалпы ұзындығы 25 шақырымнан асатын он екі көше жөндеуден өтеді.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Қала әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті
17:13, 4 тамыз 2022
Қала әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті
Толығырақ...
Мәжіліс депутаттары Успен ауданына барды
21:18, 7 шілде 2022
Мәжіліс депутаттары Успен ауданына барды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...