ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Павлодарда абаттандыру жұмыстары қарқын алды

20:19, 23 мамыр 2022

Қаланы абаттандыру барысында тұрғындардың ұсыныстары ескерілуі тиіс. Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Павлодар қаласындағы абаттандыру жұмыстарын тексеріп, оларды күшейту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Биыл «Спорт Сити» аумағында бес мыңға жуық көшет отырғызылды. Мамыр айының соңына дейін мұнда тағы үш мың шырша егу жоспарланып отыр.

Әбілқайыр Сқақов ағаштарды отырғызып қана қоймай, оларды күтіп, баптау да маңызды екенін айтты.

Облыс әкімі Конституция алаңында гүлзарларды құру жұмыстарымен танысты. Биыл оларды суару жиілігі де үш есе артады.

Биыл облыс орталығында абаттандыру шаралары теңдессіз сипат алды. Күзге дейін қала аумағында елу мың шаршы метр тротуардың кеспе тастарын ауыстыру жоспарлануда.

Орталық жағажайда қала тұрғындарын ерекше сый күтіп тұр. Мұнда үш қамыс шатыр, бес құтқару мұнарасы, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинайтын орындар, киім ауыстыратын бөлме, шатырлар қойылады. Жағажайда вандалдарға қарсы жабдығы бар жаңа модульдік дәретхана орнатылды. Бұл жұмыстарға қалалық бюджеттен 54 млн теңге бөлінген.

Жұмыс сапарының соңында өңір басшысы ак. Бектұров пен Естай көшелерінің қиылысындағы ТМ-31 жылу магистралінің құрылысын тексерді. Қазіргі кезде мұнда 700 метр құбыр тартылды. Барлығы 1400 метр құбыр жолдарын жаңарту қажет. Мердігердің айтуынша, 20-маусымға дейін Естай көшесіндегі жұмыстар аяқталып, ак. Марғұлан көшесінде жалғасады. Бұл аудандағы жиырма тоғыз үйге ыстық су қосуға мүмкіндік береді.

1-маусымға қарай қала бойынша 1180 үйде ыстық су болады, бұл обыс орталығындағы көпқабатты үйлердің 90 пайызын құрайды. Қалған үйлер шілде айында күрделі жөндеу және ТМ-31 құрылысы аяқталғаннан кейін ыстық суға қосылады.

Әбілқайыр Сқақов мердігерден жұмыс кестесін қатаң сақтауды және жұмыс кестесінен қалып қойған жағдайда халықтың алдына шығып, өз кінәсін жария түрде мойындауды талап етті. Сондай-ақ, облыс әкімі құрылыс барысын жаппай бақылау ұйымдастырылатынын еске салды.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Қала әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті
17:13, 4 тамыз 2022
Қала әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті
Толығырақ...
Мәжіліс депутаттары Успен ауданына барды
21:18, 7 шілде 2022
Мәжіліс депутаттары Успен ауданына барды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...