ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Облыстық штаб жұмысын бастады

20:52, 11 мамыр 2022

5 маусымда жалпыхалықтық референдум өтетіні белгілі. Соған сәйкес Павлодарда облыстық штаб құрылды. Оның құрамы мен жұмысы бүгін көпшілікке таныстырылды.

Еліміз үшін тарихи сәт туып отыр. Ағымдағы жылы Қазақстан халқы Ассамбляесының 31-ші сессиясында Мемлекет басшысы Конституциялық реформасына түзетулер енгізу мақсатында жалпыреспубликалық референдум өткізу туралы ұсыныс тастады. Іле Президенттің бұл бастамасы жаппай қолдау тапты. Ертеңіне үмітпен сеніп отырған қаншама халық осы өзгерісті күткенін жасырмады.   

Ғибадат Арынов, Май аудандық мәслихатының хатшысы:

Бұрынғы сенат пен мәжіліс арасындағы қатынастар баолатын болса. Өздеріне құқы жағдай беріп отыр. Заңдарын алып кететінін болады. Президент өзінің туыстарын бұл жалғыз Президеткен емес. Өйткені бәріне халық қарап отыр. Мен Жаңа Қазақстанның болатынына сенімдімін.

Сонымен, 5 маусымда бүкілхалықтық референдум өткізіледі. Осыған орай Павлодар облысында сайлауалды штаб құрылды. 12 мамыр мен 4 маусым аралығында ақпараттық түсіндіру жұмыстары басталады. Көкейде жүрген көп сұрақ шешімін табады деп бұқара халық сеніп отыр. Жаңа Қазақстанның жаңа бастамалары сөз жүзінде ғана қалмауы тиіс. Бұған жастар ерекше үлес қосқысы келеді.

Алексей Лодочников, блогер:

Елімізде тарихи сәт. 27 жыл бұрын қайтадан бастауын алып жатыр. 30 жыл бойы өзгерістер көп. бірақ жаңа қазақстанда жаңа бастамаларды жастар қолдау керекпіз. Соның бәрін айту керекпіз.

Жалпы алғанда 33 бапқа 56 толықтыру енгізу жоспарланып отыр. Соңғы рет қазақстанда референдум 1995 жылы 30 тамызда өткізілді.

Дулат Әбетжанов, облыстық мәслихаттың депутаты:

Бүгінгі күні көптеген өзгерістер болғалы жатыр. Жер мәселесі даулы болатын. Алдағы уақытта көреміз. 6 бабына келетін болсақ: бәрі халыққа тиесілі болу керек деген. Өзіміздің қолдаумызды көрсетеміз. Өзгерістер ензілетіні болады.

Осылайша  еліміз бойынша референдумды қолдайтын 17 штаб құрылады. Оларды бірі біздің облыста жұмысын бастады. Оның құрамына депутаттар, ардагерлер және жастар қауымы кірді.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Мемлекеттік қызметкер мәдени қамтылуда
21:19, 20 мамыр 2022
Мемлекеттік қызметкер мәдени қамтылуда
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:32, 20 мамыр 2022
Өңірде 149 сотталушыға рақымшылық жасалды
Толығырақ...